Биылғы жаңа оқу жылында жұмыскерлердің мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарына әдемі сөмкелер, сабаққа қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартылды.
Кәсіподақ ұжымы салауатты өмір салтын насихаттауды да қалыс қалдырмайды. Мәселен, тоқсан сайын футбол, волейбол, арқан тарту, темір көтеру, бильярд, дойбы және шахмат сынды спорт түрлерінен спартакиадалар ұйымдастырып тұрады. Спартакиада кезінде жұмысшыларға ыстық тамақ берілді, ал жеңімпаздарға кубок, медальдар және қомақты ақшалай жүлделер тап¬сырылды.
Нәтижесінде Алмалы ауданының жүргізушісі Назарбек Көмекбаев, Әуезов ауданының жүргізушісі Асқар Алтайханов, Бостандық ауданының жүргізушісі Фархат Бақытбекұлы, Жетісу ауданының жүргізушісі Мерген Аманжолов, Медеу ауданының жүргі¬зу¬шісі Әлпек Баймұхамбетов, Түрксіб ауданының жүк тиеушісі Құрбанжан Халилов, жөндеу базасының темір ұстасы Мейрам Қоржынбаев ең үздік деп танылды. Оларға «Қарғалы» шипажайына жеті күндік жолдама берілді. Сөйтіп қаланың жарқын бет-бейнесі үшін тер төгіп жүрген қарапайым еңбек адамдарының да мерейі өсіп, мәртебесі бір көтеріліп қалды.