Кәсіподақ активі Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбекпен «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты кездесуіне қатысты.

2018 жылдың наурыз айының 7 жұлдызында «Алматы кәсіподақтар одағы» Кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің активі Алматы қаласының әкімі Байбек Бауыржан Қадырғалиұлымен «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты кездесуіне қатысты. Кездесу барысында Бауыржан Байбек бағдарламада аталған әлеуметтік жобалардың Алматы қаласында жүзеге асыру жолдары туралы айтты.