30 мая 2019 года в г.Талдыкорган в здании областного акимата состоялось заседание областной трехсторонней комиссии по выполнению регионального соглашения под председательством заместителя Акима Алматинской области Турлашова Ляззата Махатовича.
На заседании с докладом «О мерах по улучшению качества человеческого капитала» выступил председатель ТОП АСП Кайрат Каратаев. Предлагаем познакомиться с его выступлением.

Құрметті отырысқа қатысушылар! «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі (бұдан әрі – АКО КАБ) әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық комиссия жұмысы жоспарын орындау бойынша ақпарат ұсынады. Алматы кәсіподақ одағы құрамына 23 кәсіподақ ұйымы кіреді, олардың алтауы Алматы облысы аумағында орналасқан, жалпы саны 78000 кәсіподақ мүшесі: «Медик» кәсіподағы, АПК кәсіподағы, «Демеу» кәсіподағы, «Құрылысшы» кәсіподағы, Алматы облысының білім беру ұйымының қызметкерлерінің кәсіподағы және Іле ауданының мемлекеттік қызметкерлері мен аралас салалар қызметкерлерінің кәсіподақтары кіреді. Айта кету керек, Алматы кәсіподақтар одағы және оның мүшелік ұйымдары арнайы серіктестік бойынша Өңірлік үшжақты келісімді іске асыру бойынша белгілі бір жұмыс жасалған болатын.
Облыстық үшжақты комиссиясының жұмыс жоспарының: «Адам капиталы сапасын жақсарту бойынша шаралар туралы» тармағына сәйкес «Алматы кәсіподақ одағы» КАБ барлық мүшелік ұйымдарында тұрақты түрде Кәсіби шеберлік, тәлімгерлік конкурстары өткізіліп тұрды. Кәсіподақтар құрылған кәсіпорындар мен ұйымдар Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша конкурс-көрсетілімдеріне үнемі қатысып отырады. Алматы облысының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподағы АКО КАБ және аудандық білім беру бөлімдерінің бірлесе отырып Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында білім берудің ашықтығын, педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыру, төмендегі номинациялар бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тарату мақсатында Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізді. Атап айтар болсақ «Ең үздік химия пәнінің мұғалімі», «Ең үздік физика және математика пәнінің мұғалімі», «Мектеп директорлары арасында ең үздік жыл директоры». Жеңімпаздар Мақтау қағаздарымен марапатталып және оларға ақшалай сыйлықтар берілді. Дүниежү.зілік Еңбекті қорғау күні аясында Алматы кәсіподақтар одағы мүшелік ұйымдармен бірлесе отырып іс-шаралар жүргізді. Жүргізілген семинар тақырыбы: бірінші кәсіби ұйымдардың өкілдері және білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, агроөнеркәсіп кешендерінің және құрылыс ұйымдарының техникалық инспекторлары үшін «Жұмысшылардың еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын сақтау». Еңбекті қорғау күні – айтарлықтай жаңа, бірақ танымал мереке, 2019 жылғы оның ұраны – «Оңтайландыру және еңбекті қорғау бойынша мәліметтерді қолдану». Ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» тақырыбы: «Еңбекті қорғау және еңбек саласының болашағы». «Қауіпсіз еңбек – ол сенің өмірің мен денсаулығың» оған ТЖД инспекторлары қатысады.
«Құрылысшы» кәсіподағында «Капчагайтяжстрой» ЖШС және «Шапағат Құрылыс -Талдықорған» ЖШС құрылыс ұйымдарымен «Еңбек шартын бекітіңіз» акциясын өткізу туралы келісім жасалған. «Еңбек шартын бекітіңіз» акциясы аясында Алматы кәсіподақ одағы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жасауды күшейту бойынша шаралар қолданады. Бұл ретте, бейформалды еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын формаларын қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы құқықтары туралы ақпаратты меңгеру деңгейін арттыру сияқты акцияның негізгі мақсаттарына басымдылық берілді. АКО КАБ және Алматы Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподағы» «Талдықорған агротехникалық колледжі» МКҚК бірлесе отырып, кәсіподақ өкілдері және жалпы білім беру мекемелерінің оқытушыларының қатысуымен: «Кәсіби шеберлік мұғалімнің біліктілігін арттыру құралы ретінде» конкурсын өткізді. Бұл шараға 100-ден аса адам қатысты. «Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан зор үлесі үшін» мақтау қағазымен төмендегі мұғалімдер марапатталды. Жанар Шілтенқызы Алсейтова, Салима Аталыққызы Камарова, Ақмарал Төлеуханқызы Сыдықова, Индира Абдулахатқызы Керемқұлова, Баршагүл Қуанышбайқызы Жантурина. Сонымен қатар, «Көктем» шипажайына кәсіподақ мүшелері Г.М.Иманбаева және М.К.Оразымбековаға екі жолдама тапсырылды.
Талғар ауданында «Менің таңдауым – менің мамандығым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шара – Жастардың кәсіби бағытын ұйымдастыру және басшылар мен кәсіби білім беру қызметкерлерінің практикалық жұмыс тәжірибесін жалпылау мәселелеріне арналған. «Алматы облысы Статистика департаменті» РММ АПК және АКО КАБ кәсіплдағымен бірлесіп «Үздік қызметкер» атағын беру үшін жыл сайынғы Конкурс қорытындысын жүргізді. «Үздік қызметкер» номинациясының лауретаның бірі облыстың статистка департаментінің қызметкері У.К.Калымбетова болды. «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен – кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы Хамитов Азат марапатталды. Жеңімпаздар мен лауреттарға ақшалай сыйлықтар, Мақтау грамоталары, Алғыс хаттары, ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Бұл шараға 60-дан аса адам қатысқанын айта кету керек.
«Медик» кәсіподағы және Алматы кәсіподақтар одағы – «Үздік лаборант», «Үздік дәрігер», «Үздік медбике» үш номинациясы бойынша «Кәсіби шеберлік» конкурсын өткізді. Конкурстар Еңбекшіқазақ ОАА, 1000-нан аса адам, Шелек ауылынан АА – 300 адам, Қапшағай қалалық ауруханасынан – 500 адам арасында өтті. Конкурс жеңімпаздарына Мақтау грамоталары, құнды сыйлықтар және ақшалай сыйлықтар тапсырылған.
Іле ауданының Мемлекеттік қызметкерлер және аралас салаларының кәсіподағы АКО КАБ мамандарымен бірлесе отырып жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешудегі медиациямен байланысты тақырыптар бойынша оқыту семинарларын өткізді. Кәсіподақ ұйымдарында Ұжымдық шарттар жасалған, Келісім комиссиялары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша Өндірістік Кеңестер құрылған. Алматы облысының филиалдары және кәсіподақ ұйымдары, кәсіподақ төрағалары, үшін оқыту семинарлары мен және дөңгелек үстелдер өткізілген. Бұл шарада – еңбек заңнамалары бойынша, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, заңгерлер, бухгалтерлер, кадр мамандарының қатысуымен Өндірістік кеңес бойынша баратын семинарлар өткізілген, онда еңбек қақтығыстары медиациясы, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары, салық салу, зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты еңбекпен қамтуға қатысты заңнама актілері және олардың жобаларымен таныстырылған. Қолданыстағы ҚР Еңбек кодексінің нормалары және ҚР «Кәсіподақ одақтары» Заңында қарастырылған кәсіподақтарды құрудың негізгі ұйымдық қағидаларын үйренуге айрықша көңіл бөлінді. «АСП» кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі кәсіподақ ұйымдары үшін «Трудовые отношения в вопросах и ответах» Жинағын басып шығарды. Жинақ мақсаты – орын алған бұзушылықтарды түзеу емес, еңбек заңнамаларын ықтимал бұзудан уақтылы алдын алу болып табылады. Бұл ұйым ішіндегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіре түсуге ықпал етеді, ол қақтығысты жағдайлардың санын айтарлықтай азайтады. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасы бойынша техникалық инспекторлар үшін «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасы» Жинағы жарық көрді. АКО КАБ мүшелік ұйымдарына көмек ретінде брашюраларды шығарған. «Еңбек қатынастарын реттеу мақсатында әрбір ұйымда құрылатын комиссиялар», «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген әйелдерге және басқа тұлғаларға жеңілдіктер мен кепілдіктер», «Кәсіподақ құқықтары», «Қазақстан азаматтарының құқықтары мен кепілдіктер», «Келісімдеу комиссиясын құру және оның жұмысы туралы», «Еңбек заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік», «Кәсіподақ ұйымдарында заманауи іс жүргізу негіздері».
Бүгінгі таңда 5755 астам кәсіподақ мүшесі оқумен қамтылған. Жастар жылын өткізу бойынша іс-шаралар белсенді түрде өтуде. Осылайша, қоғамдық кәсіподақ өміріне кәсіподақ ұйымдастырушылары, кәсіподақ белсенділері және кәсіподақ мүшелері ретінде жастар күннен күнге көптен тартылуда. Жыл сайын әуесқой командалар арасындағы кіші-футбол бойынша жыл сайынғы турнир тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Ұйымдардағы орындарда білімді, болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандардан құрылған кадр резерві бар. «Жастар жылын» өткізу аясында Алматы кәсіподақтар одағы мүшелік ұйымдармен және оның филиалдарымен бірлесе отырып жастар жылына арналған «Кәсіподақ жастар трегі» Форумын өткізді. «Жастар жылына» арналған XiV cпартакиадаға барлық оқу орындарынан жиналған командалар қатысты, қатысушылардың саны 200 адамнан асты. Спартакиада 4 спорт түрі бойынша өтті, олар: шахмат, үстел теннисі, волейбол, кіші-футбол. Спартакиада мақсаты белсенді демалыс және дене шынықтыруды дамыту болып табылады.

                Төраға                                                                                             Қ.Қаратаев

 

zasedanie may 2019 2