Алматы облысының әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Үшжақты комиссиясының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 Хаттамасына сәйкес «Алматы кәсіподақтарының одағы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі (бұдан әрі – АКО КАБ) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында белгілі жұмыстар жүргізді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігінің мүше ұйымдарында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды және тіркелді. Өндірістік кеңестер АКО КАБ барлық мүше ұйымдарында құрылды. Өндірістік кеңестердің құрамына жұмысшылардан еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар міндетті түрде енгізілді. Өндірістік кеңестердің төрағалары кәсіпорындар мен ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ұжымдық шарттар бөліміне ұсыныстарды дайындауға белсенді қатысады. Өндірістік кеңестердің жұмысы әлеуметтік серіктестік қағидаттарына негізделген, сондықтан бұл кеңестің шешімдері жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. Қазіргі уақытта облыстың мүше ұйымдарында (Кәсіподақтар: «Медик», «Демеу», Алматы облысының білім беру, «Агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер», «Құрылысшы») техникалық инспекторлар заңдылықтың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар жұмыс беруші белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Өндірістік кеңестері өндірістік жарақаттардың алдын-алу, сондай-ақ коронавирус пен тұмаудың таралуын болдырмау бойынша жұмысты жалғастыруда. COVID-19 пандемиясына байланысты мүше ұйымдарды оқыту үрдісі еңбек заңнамасын және қолданыстағы әлеуметтік диалог нысандарын қолданудың нақты мәселелері мен жағдайлары бойынша қашықтықтан кеңес беру түріне көшті. АКО КАБ-нің маңызды міндеті - кәсіподақ құрылымының барлық буындарының тиімді ақпараттық қызметі үшін жағдай жасау, кәсіподақ мүшелерін уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету. Еңбекшілердің мүдделерін қорғаудың негізгі формаларының бірі ретінде кәсіподақ активін оқытуға көп көңіл бөлінеді. Қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты - «on-line» режимінде желілік технологияны қолдана отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту қашықтықтан жүргізілді. 2020 жылдың 10 айында келесі тақырыптар бойынша семинар-тренингтер өткізілді: -«Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі»; -«COVID-19 пандемиясы жағдайында ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру»; - «Қауіпсіз еңбек», «Жазатайым оқиғаларды тергеу және тіркеу»; - «Өндірістік кеңесінің құрылуы және жұмысын ұйымдастыру». COVID-19 төтенше жағдайы кезінде Алматы кәсіподақтар одағы облыс азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша күшейтілген жұмыс атқарады. 10 ай ішінде өндірістірде еңбек даулары мен жазатайым оқиғаларды тергеу жұмыстары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау жүргізілуде.
Төраға Қ.Қаратаев