АКО КАБ төрағасы
Қаратаев Қайрат Каратайұлының
облыстық үшжақты комиссия отырысындағы
сөйлеу тезистері
қараша, 2020 жыл, Талдықорған қ.

 

Құрметті комиссия мүшелері!

     2020 жыл өзімен бірге әлемдік экономика мен еңбек саласына бұрын-соңды болмаған өзгерістер әкелді. 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп жариялап, мәселеге байыппен қарау керектігін жариялады.
     Шектеу шараларының күшіне енуіне қарай жұмысшылардың едәуір бөлігіне үйде отырып, қашықтан жұмыс істеуге өкім берілді.
    «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі (бұдан әрі – АКО КАБ) мүше ұйымдармен бірге төтенше жағдай кезеңінде шет қалмай, жұмысын жалғастырып, өздерінің кәсіподақ мүшелеріне барлық мүмкін болатын материалдық көмек пен моральдық қолдау көрсеткенін атап өткен жөн.
     Мысалы, «Медик» кәсіподағымен карантин кезеңінде отбасыларын, балаларын тастап кетуге мәжбүр болған, облыста тұратын көптеген медицина қызметкерлеріне қонақүйлерден, жатақханалардан және жалдамалы пәтерлерден тұрғын үй бөлінді. Кәсіподақ ұйымы тамақтандыруды бір адамға 10 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін ұйымдастырды.
      2 миллион теңгеге азық-түлік жиынтықтары, қорғаныс құралдары (антисептиктер) және жеке гигиена құралдары сатып алынып, материалдық көмек көрсетілді.
     440 000 мыңнан астам теңге науқастарды COVID-19 және пневмониядан емдеу үшін ылғалдандыруға және оттегімен қамтамасыз етуге қажетті баллондар реттегіштерін сатып алуға жұмсалды. Бұдан басқа, кәсіподақ жұмыс беруші мен жұмыскерге тәуелді емес себептер сияқты форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде бос тұрып қалғаны үшін жұмыскерге төтенше жағдай кезінде ең төменгі жалақы мөлшерінде ақы төлеу мәселесін ұжымдық шартқа енгізу туралы бастама көтерді.
     Карантин кезеңінде Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы және оның филиалдары аймақтың кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетуде үлкен жұмыс жасады. Осылайша, Жамбыл облысының кәсіподағы және оның филиалдары көпбалалы отбасыларға тамақ жиынтықтары мен жеке гигиена заттарды сатып алуға 200 000 теңге бөлді; Талғар ауданының кәсіподағы – кәсіподақ мүшелері зейнеткерлерге, ардагерлерге - 3 150 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.
     Сол уақытта Еңбекшіқазақ ауданының кәсіподағы табысы аз және көп балалы отбасыларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, кәсіподақ мүшелері болып табылатын мұғалімдерге азық-түлік жиынтықтарын сатып алуға - 1 100 000 теңге бөлді; ал Іле ауданының кәсіподағы - ардагерлерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетуге - 1 780 000 теңге жұмсады; Ұйғыр ауданының кәсіподағы білім беру қызметкерлерін, кәсіподақ мүшелерін, ардагерлер мен мүгедектерді қолдау үшін 586 000 теңге бөлді.
     Облыстың басқа кәсіподақтары да шет қалмады. Мысалы, Агроөнеркәсіптік кешені мен облыстың мемлекеттік мекемелерінің кәсіподағы «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен Алматы облысының Қарасай, Ақсу, Сарқанд аудандарының көпбалалы және табысы аз отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлеріне азық-түлік жиынтығы мен жеке гигиена заттарын сатып алуға 6 миллионнан астам теңге бөлді.
     «Демеу» Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы Балқаш, Кеген, Райымбек аудандары мен Қапшағай қаласының білім беру саласы қызметкерлерін, ауқатсыз және көп балалы отбасыларын қолдау үшін өз қаражатынан 2 млн. теңге бөлді. Райымбек аудандық кәсіподақ филиалы орта мектеп оқушыларына 1 миллион теңгеге планшеттер сатып алды.

Құрметті комиссия мүшелері!

     Алматы кәсіподақтар одағының барлық мүше ұйымдарында еңбек жағдайының жай-күйіне ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі келісу комиссиялары мен өндірістік кеңестер құрылды.
     Еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлар Өндірістік кеңестің құрамына кіреді. Өндірістік кеңестердің жұмысы әлеуметтік серіктестік қағидаттарына негізделген, сондықтан бұл кеңестің шешімдері жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады.
     Өндірістік кеңестің мүшелері ұжымдық шарттар бөліміне кәсіпорындар мен ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге бағытталған еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі ұсыныстарды дайындауға белсенді қатысады.
      Биылғы жылы Кәсіподақтар одағы аймақтың кәсіпорындары мен ұйымдарында өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын-алу бойынша белгілі жұмыстар жүргізді.
    Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні шеңберінде АКО КАБ мүше ұйымдармен бірге COVID-19 бойынша елде Төтенше жағдай енгізілгенге дейін «Еңбек қызметі үрдісінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау» тақырыбында бастауыш кәсіподақтары төрағалары мен білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен мекемелерінің және құрылыс ұйымдарының техникалық инспекторлары үшін семинар өткізіп үлгерді.
     Кәсіподақтар одағы қызметіндегі басты мақсаттардың бірі:
- кәсіподақ активі мен кәсіподақ мүшелерін оқытуды ұйымдастыру;
- ақпараттық-насихат қызметін жүргізу.
     Мұнда біз мүше ұйымдардың жұмысының тиімділігі көп жағдайда кәсіподақ мүшелерінің құқықтық және экономикалық білім деңгейіне байланысты екенін түсінеміз.
     Мүше ұйымдардың көпшілігінде, әсіресе іскери ойындар нысанында өткізілетін, тұрақты әрекет ететін семинарлар қазіргі заманғы талаптарға толығымен жауап беріп, олардың қатысушыларына талқыланатын мәселелер бойынша ашық пікір алмасуға және өздері үшін кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік пен экономикалық құқықтарын қорғаудың тиімді құралын анықтауға мүмкіндік беретіндігін дәлелдейді.
     Карантин енгізу мен COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты елдегі қазіргі жағдай Алматы кәсіподақтары одағының қызметіне қатты әсер етті. Барлық кәсіподақ ұйымдары іс жүзінде қашықтан жұмыс режиміне көшірілді.
     Оқыту желілік технология нысанындағы «on-line» режимінде келесі тақырыптар бойынша өткізілді:
- «Қауіпсіз жұмыс - бұл сенің өмірің мен денсаулығың»;
- «COVID-19 пандемиясы жағдайында ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру»;
- «Өндірістік кеңесінің жұмысын құру және ұйымдастыру»;
- «Келісу комиссиясы және оның жұмыс тәртібі».
     Қазіргі кезде «Медик», «Демеу», Алматы облысының білім беру, «Агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер», «Құрылысшы» сияқты кәсіподақтардың техникалық инспекторлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Мүше ұйымдардың Өндірістік кеңестері өндірістік жарақаттанудың алдын-алу, сондай-ақ коронавирус пен тұмаудың таралуын болдырмау бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Кәсіподақтар одағы және оның мүше ұйымдары осы салада әдістемелік жұмыстарды техникалық инспекторлардың қатысуымен жүргізуге тырысады.
     Техникалық инспекторлар өз жұмысында «Ұйымдар мен кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау», сондай-ақ «Ұйымдағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың ішкі және қоғамдық бақылауы» сияқты Әдістемелік нұсқаулықтарды басшылыққа алады.
     Ақпараттық жұмыс - бұл АКО КАБ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Біз алдымызға осы бағыттағы жұмысты күшейту мақсатын қойдық, кәсіподақ мүшелеріне қажетті практикалық көмек көрсетіп, уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, олардың құқықтық сауаттылығын арттырамыз.
     Әлеуметтік-еңбек саласындағы ықпал етудің маңызды механизмі әлеуметтік серіктестікке негізделген қатынастар жүйесін қалыптастыру болып табылады.
«Қазақстан кәсіподақтарының өмірі» Республикалық журналымен тұрақты ынтымақтастық бар, оның беттерінде облыстың кәсіподақ ұйымдарының жұмысы үнемі жарияланып отырады.

 

Төраға                                                   Қ.Қаратаев