Құрметті әлеуметтік әріптестер !
Алматы кәсіподақтар одағы шын жүректен Сіздерді және ұжымыңыздағы барлық кәсіподақ мүшелерін - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!
Дендеріңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз!
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!
Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!
Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілейміз!
Жылдың әр күні Сіздерге және сіздердің жанұянызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!
Ізгі ниетпен,
Алматы Кәсіпдақтар одағының
Төрағасы Қ.ҚАРАТАЕВ
08 наурыз, 2021 ж.