28 сәуірде бүкіл әлемде кәсіподақтардың бастамасымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. 2003 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп ХЕҰ-мен бекітілген бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, ол жұмыс орындарында қайтыс болған немесе жарақат алғандардың бәрін еске алу күніне сәйкес келеді. Қазақстандағы кәсіподақтар «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» ХЕҰ-ның 2006 жылғы № 187 конвенциясында көзделгендей Дүниежүзілік еңбек қорғау күнін атап өтеді. Бүгінгі дағдарыс еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы саласында жаңа тенденцияларға халықаралық қауымдастықтың назарын қадау мақсатында еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жүйесін, соның ішінде медициналық қызметті, бір уақытта ұлттық деңгейде және кәсіпорындар деңгейінде нығайтудың маңыздылығын көрсетті.

COVID-19 пандемиясы өндірісте вирустың берілу қаупінен еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты қауіп-қатерге дейін, еңбек саласының түгелге жуық аспектілеріне әсер етті. Ол жұмыс берушілерді, жұмысшыларды, кәсіподақтарды және қарапайым халықты осы вирус және оның көптеген салдарлары тудырған бұрын-соңды болмаған сын-қатерлердің алдына қойды.

«Алматы кәсіподақтары одағы» Кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі мен оның мүше ұйымдарының жұмысының басты бағыттарының бірі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылау болып табылады. Бұл жұмысты кәсіподақ мүшелері сайлаған 758 техникалық еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Техникалық еңбек инспекторлары жұмысының мақсаты - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыскерлердің мүдделерін білдіру, қауіпсіздік техникасының бұзушылықтарын анықтау және анықталған бұзушылықтарды жоюға қол жеткізу. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, кәсіпорындарда және бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар ұйымдарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 633 Өндірістік Кеңестер құрылды. Өндірістік кеңестің құрамына еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар кіреді, оның жұмысы әлеуметтік серіктестік қағидаттарына негізделген, сондықтан бұл кеңестің шешімдері жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады. Өндірістік кеңестің мүшелері (техникалық инспекторлар) ұжымдық шарттардың еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы бөліміне ұсыныстарды дайындауға белсенді қатысады, бұл кәсіпорындар мен ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әкімшілікпен жұмыскерлерді арнайы киіммен, аяқ киіммен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабын бұзу болып табылады және техникалық инспекторлар мұндай мәселелерді Өндірістік кеңес арқылы шешуге, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ұжымдық шартты әзірлеу кезінде өз ұсыныстарын енгізуге құқылы.

Алматы кәсіподақтар одағы қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу мәселесі бойынша нақты жұмыс жүргізді.

Тек 2020 жылдың қорытындылары бойынша техникалық инспекторлар 63 тексеру жүргізіп, қауіпсіздік техникасының 61 бұзушылықтарын анықтады, оның 43-ін тиісті қызметтер жойды.

Бұл ретте ұйымдар мен кәсіпорындардағы жұмысшылардың еңбек жағдайлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың барлық талаптарына сәйкес келетіндігін атап өткен жөн. Еңбекті қорғау бойынша нұсқама жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өткізіледі.

Кәсіподақтар Одағы қызметінің негізгі мақсаттарының бірі:

- кәсіподақ активін және кәсіподақ мүшелерін оқытуды ұйымдастыру;

- ақпараттық-насихаттық қызметті жүргізу.

Мұнда біз мүше ұйымдар жұмысының тиімділігі көп жағдайда кәсіподақ мүшелерінің құқықтық және экономикалық білім деңгейіне байланысты болатындығын түсінеміз.

Мұны тәжірибе дәлелдейді, мүше ұйымдардың көбінде үнемі өткізілетін семинарлар, әсіресе іскери ойындар түріндегі семинарлар, қазіргі заманғы талаптарға неғұрлым толық сәйкес келіп, олардың қатысушыларына талқыланатын мәселелер бойынша ашық пікір алмасуға және өздері үшін кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең тиімді құралдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Карантин енгізу мен COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты елдегі қалыптасқан жағдай Алматы кәсіподақтары одағының қызметіне қатты әсер етті. Барлық кәсіподақ ұйымдары іс жүзінде қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылды.

Оқыту желілік технология бойынша «on-line» режимінде келесі тақырыптар бойынша өткізілді:

- «Қауіпсіз жұмыс - бұл сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыз»;

- «COVID-19 пандемиясы жағдайында ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру»;

- «Еңбек қызметі үрдісінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау».

 «Демеу», «Ұстаз», «Медик», «Қамқоршы», Алматы облысының білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің кәсіподағы, «Агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер», «Құрылысшы», «Жайлы» сияқты кәсіподақтардың техникалық инспекторлары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Мүше ұйымдардың Өндірістік кеңестері өндірістік жарақаттанудың алдын-алу, сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау жұмыстарын жалғастыруда. АКО КАБ және оның мүше ұйымдары техникалық инспекторлардың қатысуымен осы салада әдістемелік жұмыстар жүргізуге тырысады.

Техникалық инспекторлар өз жұмысында «Ұйымдар мен кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау», сондай-ақ «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың ішкі және қоғамдық бақылауы» сияқты әдістемелік нұсқаулықтарды басшылыққа алады.

Карантиндік іс-шаралардың теріс салдарына қарамастан, әлеуметтік серіктестік бойынша қалалық үшжақты комиссия «Өндірістік жарақаттар мен зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту бойынша Жол картасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» мәселені, оның ішінде коронавирустық инфекциямен күресу бойынша эпидемияға қарсы шараларды іске асыру мәселелерін шешуді қарастырды.

Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия Алматы қаласында 2020-2023 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіз еңбек» атты Жаңа бағдарламаны жасады.

Бағдарлама өндірістік жарақаттардың, кәсіптік аурулардың, өндірістегі адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуға, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және денсаулығын жақсартуға бағытталған. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саласының материалдық, ақпараттық және әлеуметтік жағдайының қазіргі деңгейін ескереді және ең маңызды жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге - республика тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, олардың өмірлерінің деңгейі мен сапасын жоғарылатуға, еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін жақсартуға бағдар алады және қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына әрбір азаматтың құқығын белгілейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабын іске асыруға бағытталған.

Кәсіподақтар одағы әлеуметтік серіктестік мәселелеріне ерекше назар аударады. Әлеуметтік-еңбек саласындағы ықпал етудің маңызды механизмі әлеуметтік серіктестікке негізделген қатынастар жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Ақпараттық жұмыс - бұл АКО КАБ қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Біз алдымызға осы бағыттағы жұмысты күшейту, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, бұл үшін оларға қажетті практикалық көмек көрсету және кәсіподақ мүшелерін уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін қойдық.

АКО КАБ баспасөз орталығы