Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер – ардақты мамандық иесісіздер.

Күллі әлем жұртшылығын бір тарының қауызына сыйғызған коронавируспен күресте алдыңғы шепте болған сіздерден біз күнделікті жанкешті еңбектің, кәсіби борышқа деген адалдықтың үлгісін көрдік.

Отандық денсаулық сақтау саласын табысты дамытудағы кәсіби біліктіліктеріңіз бен сіңіріп жатқан ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Мықты денсаулық, амандық және отбасылық бақыт тілейміз!

«Алматы кәсіподақтар одағы»

кәсіподақтарының аймақтық бірлестігі