Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер жауапкершілігі аса жоғары салада тер төгіп жүрсіздер.

Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл. Осы жылдары Сіздер билік пен халықтың арасына көпір болып, өз қызметтеріңізді мінсіз атқарып келесіздер.

Сіздерді бүгінгі мерекемен «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің атынан құттықтай отырып, сарқылмас шабыт тілейміз.

Отанымыздың игілігі үшін атқарып жүрген ерен еңбектеріңізде толайым табыстарға жетіп, абырой беделдеріңіз арта берсін.

Отбастарыңызда береке – бірлік таусылмасын!

«Алматы кәсіподақтар одағы»

кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы

Қ.Қ. Қаратаев

 media workers day