Құрметті әріптестер!
Сіздерді Астана күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіреміз
Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз.
Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймын!
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!
«Алматы кәсіподақтар одағы»
кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің
төрағасы Қ.Қ. Қаратаев