Алматы жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік қызметкерлері кәсіподағының "Тәртіп" АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымы "Алматы кәсіподақтар одағы" кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің қолдауымен көптеген әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешудің жаңа жолдарын табуға тырысуда. Жұмысшылардың еңбек құқықтарының қорғалу деңгейі көбінесе бастауыш кәсіподақ ұйымының тиімді және сауатты жұмысына байланысты.
Біздің заманымыздың негізгі мәселелерінің бірі – қоршаған ортаны сақтау болып табылады. Эсіресе, қоршаған ортаның тазалығы қалалық жерлерде экологияны сақтап қалу жолында жүргізілетін күрестің негізгі құрамдас бөлігі болып саналады, бұл ретте қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару сауатты, әрі кәсіби тұрғыда ұйымдастырылуы қажет. Таза және жайлы орта адамдардың денсаулығына, көніл-күйіне, жұмыстағы табысына әсер етпей қоймайды.
«Тәртіп» акционерлік қоғамы қалдықтарды жинау және жою нарығында 22 жылдық тәжірибесі бар компания. 2009 жылдан бастап кәсіподақ ұйымы құрылып, жұмыс жасауда.
Біздің компания қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздік негіздеріне сүйеніп, Қазақстан Республикасының заңдарын басшылаққа алады. Біз қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін қатты қалдықтарды және басқа да қалдықтарды жою жұмыстарын мүмкіндігінше мұқият орындауға тырысамыз. Біздің өзге де артықшылықтарымыз: қызметкерлердің жоғары біліктілігі, мамандандырылған техникаға арналған өз автопаркіміздің болуы, күрделі мәселелердің кешенді шешімін табу, менеджерлердің кеңес беруі, өтінімдерді жедел орындау. Біздің ұжымда кәсіподақ ұйымы жұмысшылармен тығыз қарым-қатынас орнатып жұмыс істейді. «Тәртіп» акционерлік қоғамда бүгінгі күні 760 адамнан артық қызметкерлер жұмыс атқарады, ал қалдықтарды жинау және шығарумен тікелей айналысатын өндірістік қызметкерлердің саны – 559 адам. 30 жасқа дейін толмаған жас жұмыскерлердің саны қоғамда 212-адам жұмыс атақаратынын айта кету керек. Бүгінгі күні кәсіподақта 559 мүше тіркелген. «Тәртіп» АҚ атынан 2020 жылғы 6 өндіріс ауданы, жөндеу базасы және әкімшілік басқармасы жұмысшылар арасында он бес жалдан артық жұмыс істеп еңбегі сіңген жұмысшыларды таңдау шаруасы ұйымдастырылып және оған төмендегідей талаптар қойылды. Кем дегенде 15 жылдық жұмыс тәжірибесі болу керек, жыл басынан тәртіптік жазаға тартылмауы керек, басқарма төрағаның бұйрығын, талаптарын орындау. Осы талаптарды ескере отырып, жұмысшылар, кәсіподақ мүшелері «Тәртіп» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Байтуреев Нұрлан Ағыбайұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңына төменде көрсетілген 22 жұмысшыны төс белгімен, алғыс хат және қомақты қаржымен марапаттады. Кәсіподақ төрағасы «Тәртіп» АҚ 2020 жылы үздік жұмысшыларға шипажайға емделу үшін 8 кәсіподақ мүшелеріне қаражат бөлініп беріп және жақсы еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.
2020 жылы жарияланған пандемияға байланысты «Тәртіп» АҚ кәсіподақ комитеті атынан жағдайы нашар 41 мүше отбасыларына азық-түліктен қорап жасалып отбасыларына таратылды. Кәсіподақ атынан білім күніне жұмысшылар балдарына мектеп табалдырығын аттайтын оқұшыларға жыл сайын сөмке және қажетті заттарды алып беріледі. 2020 жылы 41 сөмке және мектепке қажетті заттар алынып балаларға тапсырылды. Жаңа жыл мейрамына жұмысшылар балаларына 480 сыйлық берілді. «Тәртіп» АҚ және «Тәртіп» кәсіподақ комитетінің арасында бекітілген ұжымдық шартының 2.4.5. тармағына сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша кәсіподақ мүшелерінен келіп түскен 60 арыздарды уақытында қарастырып барлық арыз иелеріне материалдық көмек көрсетілді. Салауатты өмір салтын сақтау үшін кәсіподақ атынан тоқсан сайын футбол, волейбол, арқан тарту, темір көтеру, дойбы және шахмат спорт түрлерінен спартакиадалар ұйымдастырылып тұрады. Спартакиада жұмысшыларға ыстық тағам және спорт жеңімпаздарына кубок, медальдар және қомақты ақшалай жүлде тапсырылады. Одан басқа жыл басында кәсіподақ мүшелері үшін өндірістерде жиналыс ұйымдастырылып жыл қорытындысы бойынша жұмсалған қаражат туралы есебі беріліп тұрады.
«Тәртіп» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы
А.Қасымов