Құрметті әріптестер!
Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!
30 тамыз – қазақстандықтардың құқығы мен еркіндігін нақты белгілейтін еліміздің басты Заңы үшін ерекше күн. Конституция – тұрақтылық пен жасампаздық, бірлік пен ынтымақ нышаны. Жеріміздегі бейбітшілік, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің тепе-теңдігі, білім беру бағдарламаларының таңдауға ие болуы, ақпараттық технологиялардың қолжетімділігі – осының барлығы еліміздің бас Заңының қағидасына сөзсіз сүйену нәтижесі болып табылады. Және біздің міндетіміз – осы мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа беру.
Еліміздің аспаны әрқашан бейбіт болсын! Сіздерге бақыт пен амандық, еңбектеріңіздің өркендеп, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін.
«Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы
Қ.Қ. Қаратаев