Құрметті ардагерлер, зейнеткерлер, ардақты аға буын өкілдері!

 

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл күн баршамыз үшін ерекше мереке. Бұл мереке – ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі.

Сіздердің өмір жолдарыңыз – адал еңбектің, батылдық пен адамгершіліктің үлгісі. Сіздер рухани құндылықтар мен дәстүрлерді сақтаушысыздар.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткелі отырған Отанымыздың өсіп-өркендеуінде Сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек.

Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

 

 «Алматы кәсіподақтар одағы»

кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы

Қ.Қ. Қаратаев 

 

october 1 2 small