Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен құттықтаймын!

Қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Бүгінде Қазақстанда 600-ден астам кәсіподақ бар, олар 3 миллионнан астам жұмыскерлерді біріктірді. Оның ішінде Алматы өңірінде 300 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері. Биыл Алматыда және Алматы облысында әкімдіктер мен жұмысшылар мен жұмыс берушілер бірлестіктері 2021-2023 жылдарға арналған үшжақты келісімдерге қол койылды. 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім іске асырылуда, онда әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде міндетті түрде сақтау үшін мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің қағидаттары қалыптастырылған. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі кәсіподақтардың рөлі неғұрлым маңызды болған сайын, олар өздерінің басты мақсатын – қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды тиімді және табысты жүзеге асыра алады.

Кәсіподақ ұйымының жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Сіздерге кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін.

Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!

 

 «Алматы кәсіподақтар одағы»

кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы

Қ.Қ. Қаратаев

07 10 21 03