«ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Кәсіподақ қызметкерлері күніне» арналған №157 жалпы білім беретін мекеменің алаңында Алматы қаласы Наурызбай ауданының мұғалімдері арасында минифутболдан жарыс өткізілді. Жарыс Наурызбай ауданы бойынша Ұстаз қалалық жергілікті кәсіподақ ұйымымен ұйымдастырылған.

Жарыс мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және минифутболдан аудан құрама командасын жасақтауды мақсаттаған болатын.

Жарыс жұқпалы індет кезіндегі шараларды сақтай отыра өткізілді. Жанкүйерлер шақырылған жоқ. Ойын уақытында стадионда ойыншы командалар және төрешілер ғана болды.

Жарыс қорытындысы бойынша №188 МГ - І-ші, №186ЖББМ – ІІ-ші және №176 МГ – ІІІ-ші орынды иеленді. Жүлдегер командаларға дипломдармен бірге арнайы кубоктар тапсырылды. Сонымен бірге ерекше ойындарымен көзге түскен ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша мадақтау қағаздары тапсырылды.

20 10 21 0320 10 21 04

20 10 21 05

20 10 21 07