Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұстаз Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы Наурызбай аудандық филиалы аудандық білім беру мекемелері қызметкерлері арасында -волейбол, үстел теннисі және шахматтан спартакиада өткізді.

Жарысқа әр мектептен 1 командадан қатысты. Командалар бірыңғай спорттық формада болды. Ойындарды өткізу алдында мектеп командаларының өкілдерімен жеребе тастау өткізілді. Жарыс Алматы қаласы Наурызбай ауданының №176 мектеп-гимназия спорт залдарында өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • Шахматтан: №174 мектеп-гимназия командасы 1 ші орынды, №188 мектеп-гимназия командасы 2 ші орынды, №192 мектап командасы 3 ші орынды иеленді.

  • Үстел теннисінен: №157 мектеп командасы 1 ші орынды, №174 мектеп-гимназия командасы 2 ші орынды, №187 мектеп командасы 3 ші орынды иеленді.

  • Волейболдан: №188 мектеп-гимназия командасы 1 ші орынды, №157 мектеп командасы 2 ші орынды, №187 мектеп командасы 3 ші орынды иеленді.

Жүлдегерлер арнайы дипломдар және кубоктармен марапатталса, ерекше ойын өрнегін көрсеткен ұстаздар сәйкесті номинациялар бойынша марапатталды.

Өткізілген спартакиада мақсатты: кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлігі мен физикалық дайындығын арттыру. 

15 11 2021 04

15 11 2021 05

15 11 2021 06

15 11 2021 07