Кәсіподақ - еңбек адамдарының мұң-мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым.
№96 жалпы білім беру мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына тоқталсақ: Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы аясында, жас мамандарға арналған «Бірлікке үндеген кәсіподақ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Курманбекова Дана Даулеттхановна, кәсіподақ ұйымының міндеттері мен «Ұжымдық шарттың» рөлі мен «Мұғалім мәртебесі» туралы заңының жобасына түсіндірмелер жүргізді және «Жыл мұғалімі-2021» байқауының II орын иегері, бастауыш сынып мұғалімі Цой Раиса Вадимовна жас мамандармен өзінің білім берудегі тиімді жұмыс түрлерін атап өтіп, кеңестерімен бөлісті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Курманбекова Д.Д. өз жұмысы туралы айтады «Мектебімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарды кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол. 2021-2022 оқу жылы керемет жетістіктермен басталды. Бастауыш сынып мұғалімі Цой Раиса Вадимовна «Жыл Ұстазы 2021» байқауында II орынға ие болды. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Борошева З.К., директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Чимирбаева С.К. Цой Раиса Вадимовнаға тәлімгерлік көмек беріп, қолдау көрсетті.
Алматы қаласы Алмалы ауданының «Ұстаз» кәсіподағының басшысы Оразалиева Раушан Дуйсебаевна, №96 ЖББ мектебімізге арнайы келіп, мектеп директоры Жумагалиева Райгуль Халиковнаны және бастауыш сынып мұғалімі Цой Р.В. құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Ұстаз - ұлы тұлға. Бүгінде 36 жыл өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстазымыздың бірі, география пәнінің мұғалімі Шейко Лариса Николаевнаны 60 жас мерейтойымен құттықтадық.
Қазіргі білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістер жағдайында даму үстінде. Заманауи білім берудің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер өзгеруде. Осыған байланысты бүгінгі таңда педагогтарды үздіксіз кәсіптік дамытуын ұйымдастырылуына көңіл бөлінуде.