Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты «№15 арнайы мектеп-интернат» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымы өмірінен
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұжымымызда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кәсіподақ мүшесі Ералиев Асхат Бекназарұлы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Каржаубаева Райхан Халмурзақыздарының ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, "Парасат" ордені, "Тіл жанашыры" құрмет белгілерінің иегері Асылы Әлиқызы Осман апайымызбен кездесу өткізілді.
Асылы Әлиқызының отбасы 1944 жылы Қазақстанға жер аударылған екен. Қазақ халқының қиын күндерде көрсеткен көмегін, мейірімділігін, қайырымды істерін ерекше толғаныспен есіне алды. "Мәңгілік ел" боламыз десек ұлтымыздың ата-бабадан келе жатқан әдеп-ғұрпын, озық салтын сақтау керек, ал оның негізі ұлтымыздың тілінде" – деді қоғам қайраткері. Барлығымызды да тілімізді сүюге, құрметтеуге шақырды.
Кездесу ұстаздарға да, шәкірттерге де үлкен ой саларлықтай, қызғылықты, әсерлі жағдайда өтті.