«ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы, желтоқсан қозғалысының 35 жылдығына» орай «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы Наурызбай аудандық филиалы ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында «Әнім сенсің, Туған Ел!» атты ән байқауын өткізді

Қоғамда елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, елжандылықты, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, озық дәстүрімізді насихаттау;

білім саласы мамандарының байқауларға қатысу арқылы өнерге деген қабілеттерін арттырып, шеберліктерін дамыта түсуіне ықпал жасау;

маман ұстаздардың ұжым өміріне жақынырақ тартылуына, олардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы және өзара ынтымақтастығының берік қалыптасуына жағдайлар жасауды мақсаттаған бұл сайысымызға қатысуға әр білім ұйымынан арнайы музыкалық білімі жоқ бір жігіт, бір қыздан шақырылды.

Әрбір орындаушы отан, туған ел, елдің тәуелсіздігі тақырыбына қазақ авторлары шығармаларынан, немесе халық әндерінен қазақ тілінде бір ән орындады.

Әндер жанды дауыста орындалды және оны орындаушылар өздері сүйемелдеді, немесе таспаға жазылған сүйемелдеуді (минус) қолданды.

Орындалар шығарманың ережеде көрсетілген тақырыпқа сай болуы қадағаланып, әншілердің орындау шеберлігі және сахна мәдениеті бағаланды.

Эпидемиологиялық сақтық шараларына орай топтық ән айту және топтық сүйемелдеулер орындалған жоқ және байқауға қатысушыларға қосымша реквизиттер дайындау міндеттелген жоқ.

Байқауға қатысушылар өнерін қазылар алқасы бақылады. Шараға қатысушылар түрлі номинациялар бойынша Наурызбай аудандық білім бөлімі және «Ұстаз» жергілікті кәсіптік одағы Наурызбай аудандық филиалының арнайы дипломдары және жүлделерімен марапатталды.

23 11 2021 02 

23 11 2021 03

23 11 2021 04