Кубоктар мен марапаттар
2021 жылдың 3 желтоқсанында Алматы энергетика кешенінің қызметкерлері арасында бильярдтан 5-ші чемпионат өтті. 2016 жылдан бастап чемпионат жыл сайын Энергетиктер күні кәсіби мерекесі қарсаңында өткізіліп келеді.Биылғы жылы турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Жарысқа ең мықты өкілдер қатысты:«KEGOC» АҚ Алматы қалалық ТЖМ: Ерлан Ысқақов, Қуаныш Меделов, Руслан Жаңабаев, Ғалым Нүсіпов;«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ: Болат Бисенов, Болатхан Тұртбаев, Азамат Әлтаев, Дәулет Дутұлы;«Алматы электр станциялары» АҚ: Нұржан Исабаев, Манат Өксікбаев, Александр Кан, Дәулет Қарамолдаев;«У.Д.Кантаев атындағы «Мойнақ ГЭС» АҚ: Әнуар Мұңалбаев, Елдар Дүйсетай, Мәди Сұлтанов, Данияр Әбдірахымов.
Команда өкілдері
Әлем чемпионы Ернар Чимбаев жарыстың жүлдегерлерімен
Тартысты ойында Алматы энергетика кешені қызметкерлері арасында бильярдтан V чемпионатта Нұржан Исабаев жеңімпаз атанса, Эльдар Дүйсетай 2-орынға, Дәулет Қарамолдаев 3-орынға ие болды.Жеңімпаздарға кубоктар мен сыйлықтарды турнирдің құрметті қонағы, бильярдтан екі дүркін әлем чемпионы Ернар Чимбаев табыс етті.
«Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ