30 12 21

«Еңбек жолы» байқауы Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласын тиімді жүзеге асыру, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында өткізілуде. Қала әкімінің орынбасары төрағалық еткен конкурстық комиссияның шешімімен:
* Бірінші номинация бойынша - Сапарғалиевтер жанұясы Үздік еңбекші әулет деп танылды. Әулеттің жалпы еңбек өтілі 332 жыл. Екінші орынды барлығы 202 жыл еңбек еткен Баймендиновтер жанұясы иеленді. Үздік үштіктің қатарын М.Әуезов театрының актерлері толтырды - Толғанбаевтар жанұясы, жалпы еңбек өтілі 15 жыл.
* Екінші «Өндірістің үздік жас қызметкері» Д.Бабаев атындағы  №115 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі Жылқыбай Несібелі жеңімпаз атанды. Екінші орын Республикалық спорт колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тойшы Ақкөлге бұйырды. Үшінші орын М.Әуезов атындағы №128 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Сегізбаева Қарлығашқа берілді.           
* Байқаудың үшінші - «Еңбекші жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша ШЖҚ Алматы қаласы «Қалалық кардиология орталығы» КМК Клиникалық-диагностикалық зертханасының дәрігер-лаборанты Светлана Габдушева жеңімпаз атанды. Екінші орын - «С.Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ маркетинг және даму бөлімінің басшысы Әлімбеков Джумабеков, үшінші орын - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК ағылшын тілі мұғалімі Светлана Луковенкова.