19 01 2021 01

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20% - ға арттыру басталады. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады.

Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т. б. мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 591 мың азаматтық қызметшіге еңбекақыны көтеру әсер етеді.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30% - ға өсті.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 21 мың жұмыскердің лауазымдық айлықақылары 25% - ға арттырылды. Жалақының өсуі өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ), үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналға (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қатысты болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға өсті. Сондай-ақ, 2021 жылы әкімшілік және қосалқы персоналдың, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін лауазымдық жалақыдан 30% - дан 40% - ға өзгерту арқылы арттырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 41% - ға, 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Осының арқасында шамамен 1 млн 650 мың жұмыскердің ақшалай кірістері өседі.

 

Во исполнение поручения Главы государства, озвученного в Послании народу Казахстана от 1 сентября 2021 года «Единство народа и системные реформы – прочная основа процветания страны», с 1 января т.г. начинается поэтапное повышение заработной платы отдельных категорий гражданских служащих в среднем на 20% ежегодно в период с 2022 по 2025 годы. В результате в течение 4 лет их зарплата увеличится в 2 раза.

Повышение заработной платы затронет 591 тыс. гражданских служащих, работающих по таким специальностям, как: бухгалтеры, экономисты, юристы, архивариусы, библиотекари, музееведы, лесники, технический персонал и другие.

С 1 января 2022 года заработная плата педагогов повышена на 25%, медицинских работников – в среднем на 20-30%.

Также с 1 января 2022 года на 25% повышены должностные оклады у 21 тыс. работников сферы социального обеспечения. Рост зарплат коснулся руководящего состава и основного персонала (социальные работники, педагоги, медицинские работники и т.д.), осуществляющего свою деятельность в медико-социальных учреждениях стационарного и полустационарного типов, в организациях надомного обслуживания, временного пребывания и центрах занятости.

Напомним, с 1 января 2021 года оклады соцработников были повышены на 50%. Также в 2021 году произведено повышение заработной платы для административного и вспомогательного персонала, рабочих, работающих в МСУ стационарного и полустационарного типов, в организациях надомного обслуживания и временного пребывания, путем изменения размера действующей доплаты с 30% на 40% от должностного оклада.

С 1 января 2022 года в Казахстане размеры пенсий по возрасту повышены на 7%, размеры базовой пенсии и государственных пособий увеличены на 5%. Эта мера коснулась 4,5 млн получателей.

Согласно поручению Главы государства с 1 января 2022 года размер минимальной заработной платы был увеличен на 41%, с 42 500 до 60 000 тенге. Благодаря этому вырастут денежные доходы порядка 1 млн 650 тыс. наемных работников.

По материалам Министерства труда и социальной защиты населения РК