«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаментінің деректері бойынша Қазақстанда ағымдағы жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 млн адамды құрайды. Жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 188,6 мың адамды құрайды, оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұранысына сай келеді. Сонымен қатар, күзетшілер, бухгалтерлер, сатушылар мен жүргізушілер еңбек нарығында ең танымал болып және жаппай сұраныста қала береді.
«Өңірлер бойынша неғұрлым елеулі жиынтық сұраныс, жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру бойынша сұранысты қоса алғанда, Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында орын алатын болады. Ал салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері көбірек талап етіледі», – деді ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.
Сарапшылардың айтуынша, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескере отырып, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны ағымдағы жылы 11,4 млн адамға жетеді (2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 98 мыңға өседі).
«Ағымдағы жылы жұмыс күшінің саны 9,2-9,3 млн адамды құрайды, яғни жалпы өткен жылдың деңгейінде сақталады. Алайда, біздің болжамымыз бойынша, еліміздің үш ірі қаласында экономикалық белсенді халықтың жиынтық саны осы қалалардағы жастар үлесінің артуы салдарынан және көші-қон себептері бойынша 54 мың адамға өседі», – деп бөлісті Дмитрий Шумеков.
Сондай-ақ, болжамдарға сәйкес, жұмыссыздар саны 461-465 мың адам деңгейінде болады, ал жұмыссыздық деңгейі 5% - дан аспайды.
Білім беру жүйесі тарапынан орта мектепті шамамен 261 мың адам бітіреді немесе тастап кетуі мүмкін деп күтілуде, оның ішінде 109 мың адам – тоғызыншы сыныптан кейін, ал 152 мың адам – 11 (12) сыныптан кейін шығып кетуі ықтимал. Колледждерге осы саннан 131 мыңға жуық адам, жоғары оқу орындарына 103 мың адам барады. Қалған бұрынғы оқушылар қатарынан азаматтар Қазақстаннан тыс жерлерге шығады (~10 мың адам) немесе еңбек нарығына шығады (~17 мың адам).
Ағымдағы жылы ТжКБ-ны шамамен 145 мың адам табысты аяқтайды деп күтілуде, оның ішінде 90 мыңы – негізгі орта білім базасында және 49 мыңы –жалпы орта білім базасында, оның ішінде шамамен 16,4 мың адам жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастырады. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарынан жоғары білімі бар 163,5 мың адам және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 20 мыңға жуық адам шығарылатын болады.
Жалпы алғанда, білім беру деңгейлері арасындағы күрделі ауысуларды ескере отырып, еңбек нарығына шамамен 295 мың жұмыскер шығады деп күтілуде. Базалық сценарий кезінде жалдамалы жұмысшыларға қажеттілік, бұрын айтылғандай, 188,6 мың адамды құрайды. Тиісінше, қалған 106 мың адам жеке немесе объективті себептер бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтуға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мәртебесіне көшуі мүмкін.
По данным Департамента прогнозирования АО «Центр развития трудовых ресурсов» численность наемных работников в Казахстане в текущем году составит 6,8-6,9 млн человек. Спрос на наемных работников составит 188,6 тыс. человек, из которого половина придется на спрос по замещению выбывающих наемных работников. При этом самыми востребованными и самыми массовыми на рынке труда останутся охранники, бухгалтеры, продавцы и водители.
«Наиболее значительный совокупный спрос по регионам, включая спрос по замещению выбывающих наемных работников, будет иметь место в городе Алматы, а также в Алматинской и Жамбылской областях. А по отраслям больше всего будут требоваться работники направлений образования, сельского хозяйства и торговли», – рассказал директор Департамента прогнозирования ЦРТР Дмитрий Шумеков.
Эксперты отмечают, что в целом численность населения в трудоспособном возрасте, с учетом повышения пенсионного возраста женщин, достигнет в текущем году 11,4 млн человек (вырастет на 98 тыс. по сравнению с уровнем 2021 года).
«Так, в текущем году численность рабочей силы составит 9,2-9,3 млн человек (наемные, самозанятые, безработные), то есть в целом сохранится на уровне прошлого года. Однако, по нашим прогнозам, в трех крупнейших городах страны совокупная численность экономически активного населения вырастет на 54 тыс. человек в следствии повышенной доли молодежи в этих городах и по миграционным причинам», – поделился Дмитрий Шумеков.
Также, согласно прогнозам, численность безработных будет находится на уровне 461-465 тыс. человек, а уровень безработицы не превысит 5%.
Со стороны системы образования ожидается, что среднюю школу завершат или покинут порядка 261 тыс. человек, в том числе 109 тыс. – после девятого класса, а 152 тыс. человек – после 11 (12) классов. В колледжи из этого числа направится порядка 131 тыс. человек, в ВУЗы – 103 тыс. человек. Оставшиеся бывшие ученики либо выедут за пределы Казахстана (~10 тыс. человек), либо выйдут на рынок труда (~17 тыс. человек).
Ожидается, что ТиПО в текущем году успешно завершат порядка 145 тыс. человек, в том числе 90 тыс. – на базе основного среднего и 49 тыс. – на базе общего среднего образования, из которых порядка 16,4 тыс. человек продолжат обучение в организациях высшего образования. Кроме того, из ВУЗов будет выпущено 163,5 тыс. человек с высшим и порядка 20 тыс. человек – с послевузовским образованием.
Совокупно, с учетом сложных переходов между уровнями образования, ожидается, что на рынок труда выйдет порядка 295 тыс. работников. При базовом сценарии потребность в наемных работниках, как отмечалось ранее, составит 188,6 тыс. человек. Соответственно, оставшиеся 106 тыс. человек по личным или объективным причинам перейдут в самозанятость, в том числе, возможно, в статус индивидуальных предпринимателей.