ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ҚР Үкіметінің кезекті отырысында Мемлекет басшысының осы жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмалары қалай іске асырылатыны туралы айтып берді.

Ақмәди Сарбасов сөзінің басында халықтың нақты табысы экономикалық өсу мен еңбек өнімділігіне тікелей байланысты екенін хабарлады.

Соңғы он жылда ЖІӨ өсімі қызмет көрсету саласы есебінен 62%-ға қамтамасыз етілді, ондағы еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібіне қарағанда айтарлықтай төмен.

«2015 жылдан бастап жұмыс орындарының 37% - ы еңбек өнімділігі төмен секторларда, негізінен білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттің қатысуы басым салаларда құрылды. Жұмыс орындарының тек 8% - ын өнімділігі жоғары салалар құрады. Нәтижесінде жұмыспен қамтылған халықтың 41 пайызы табысы мен өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді.

Осыған байланысты негізгі міндет тұрақты және өнімді жұмыс орындарын құру қарқынын арттыру болып табылады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар инвестициялық жобалар тізбесі мен құрылатын жұмыс орындарының саны бар өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітуі тиіс», – деді Ақмәди Сарбасов.

Вице-министр сондай-ақ, жұмыс орындарын құру мониторингі салық және зейнетақы аударымдары мен электрондық еңбек шарттары бойынша деректерді тексере отырып, ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етілетінін айтты.

Ол азаматтардың табысын арттыру бойынша шаралар кешені халықтың барлық санаттарын қамтитынын атап өтті.

«Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының (педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық персонал және т.б.) жалақысын арттырудан және инфляция деңгейін ескере отырып, жәрдемақы мөлшерін жыл сайын индекстеуден басқа бірқатар заңнамалық бастамалар қабылданады», – деп хабарлады Ақмәди Сарбасов.

Осылайша, экономиканың қажеттіліктеріне қарай еңбек ресурстарының дағдыларын дамыту үшін кәсіптік біліктіліктерді тану жүйесі қалыптастырылатын және қызметкерлердің дағдыларын сертификаттау енгізілетін болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер үшін еңбек қатынастарын рәсімдеудің жаңа формалары мен арнайы салық режимдерін енгізу мәселесі қарастырылуда.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жұмыспен қамту инфрақұрылымын цифрландыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша шаралар қабылданады.

Халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, Әлеуметтік кодексті қабылдау әлеуметтік қолдау шараларының тұтастығын, қолжетімділігін және белсенділігін қамтамасыз етеді.

 

О реализации задач, поставленных Главой государства

Первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Акмади Сарбасов на заседании Правительства РК рассказал, как будут реализованы поручения Главы государства, озвученные на расширенном заседании Правительства РК 8 февраля т.г.

В начале своего выступления Акмади Сарбасов сообщил, что реальные доходы населения напрямую зависят от экономического роста и производительности труда.

В последние десять лет прирост ВВП был обеспечен на 62% за счет сферы услуг, производительность труда в которой значительно ниже, чем в обрабатывающей промышленности.

«С 2015 года 37% рабочих мест создано в низкопродуктивных секторах, преимущественно в отраслях с преобладающим государственным участием, таких как образование, здравоохранение, государственное управление. Только 8% рабочих мест создано высокопроизводительными отраслями. В результате сегодня 41% занятого населения заняты в низкопродуктивных отраслях с невысоким уровнем дохода.

В связи с этим основной задачей является увеличение темпов создания стабильных и производительных рабочих мест. Для этого местными исполнительными органами должны быть утверждены региональные карты занятости с перечнем инвестиционных проектов и количеством создаваемых рабочих мест», – сказал Акмади Сарбасов.

Вице-министр также добавил, что мониторинг создания рабочих мест будет обеспечен через информационную систему, с проверкой данных по налоговым и пенсионным отчислением и электронным трудовым договорам.

Он подчеркнул, что комплекс мер по повышению доходов граждан будет охватывать все категории населения.

«Помимо повышения зарплаты отдельных категорий гражданских служащих (педагоги, медработники, соцработники, архивариусы, библиотекари, технический персонал и др.) и ежегодной индексации размеров пособий с учетом уровня инфляции будет принят ряд законодательных инициатив», – сообщил Акмади Сарбасов.

Так, для развития навыков трудовых ресурсов под потребности экономики будет сформирована система признания профессиональных квалификаций и внедрена сертификация навыков работников.

Для самозанятых работников рассматривается регистрация новых форм трудовых отношений и введение специальных налоговых режимов.

Также будут приняты меры по расширению занятости за счет поддержки предпринимательских инициатив и цифровизации инфраструктуры занятости.

Принятие Социального кодекса с учетом потребностей населения обеспечит целостность, доступность и проактивность мер социальной поддержки.

По материалам Министерства труда и социальной защиты населения РК