Әлеуметтік әріптестік тараптары бұрын берілген біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан, бұрын берілген біліктілік санаттарын (жоғары, бірінші, екінші) ескере отырып, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеу үшін негіз болып табылатын құжатқа қол қойды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және "Ұлттық денсаулық сақтау палатасы" ЖКжТБ арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісімге қосымша келісімге қол қойылды, ол өз қолданысын тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне таратады.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ынталандыру тетігі ретінде жұмыс істеген "біліктілік санаты" институты таратылды. Осыған байланысты 2021 жылғы 05 қаңтардан бастап біліктілік санаттарын беру рәсімі тоқтатылды. Өтпелі ережелер шеңберінде біліктілік санаттарын беру туралы қолданыстағы куәліктер бойынша қосымша ақыларды жүзеге асыру олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жалғасты.
Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, бейінді емес (медициналық емес) білімі бар Денсаулық сақтау қызметкерлерін (химиялық, биологиялық, педагогикалық, инженерлік және т.б.) ынталандыру мақсатында олардың лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемелерін қолданып, денсаулық сақтау субъектілерінде жалақы төлеуді қамтамасыз ету көзделеді.
Сонымен қатар, келісімде көрсетілгендей, Денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) жалақысын көтеру қамтамасыз етіледі, бұл санитарлар, жүргізушілер, психологтар, сондай - ақ басқа да мамандар, олардың белгіленген жалақы мөлшеріне түзету коэффициенттерін қолданып, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде.
ҚР ДСМ, "AQNIET" қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және ҰДП арасындағы Салалық келісім саладағы әлеуметтік әріптестіктің негізгі құқықтық актісі болуда.