17 03 2022

16 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялады.

Бұл Жолдау маңыздылығымен ерекшеленіп, мазмұнымен айрықша болды. Ол халықтың ойында жүрген біраз дүниелерді қамтып, мәселелерді шешу жолдарын айқындап берді.

Басты мұрат – ол Жаңа Қазақстанды құру. Яғни, мұндағы халықтың әл-ауқаты болашақтың еншісіне емес, қазірден жақсартуға көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының "Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз» - деді.

Болашағын аңғарып, өз елімен бірге жүрген халық мықты мемлекет құра алатыны сөзсіз. Әрине мықты мемлекет ол - Жаңа Қазақстан болатынына бізде үлкен сенімдеміз.