2022 жылы 26 сәуірде Шымкент қаласында «Білім және ғылым мекемелері мен кәсіпорындары және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атқару комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Атқару комитетінің мүшелері және жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, мектеп, колледж басшылары қатысты.

Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша «Қызметкерлердің кәсіби мүдделерін қорғауда, әлеуметтік мәселелерін шешуде Түркістан облысы Білім басқармаларына қарасты мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының (бұдан әрі – Жергілікті кәсіподақ) жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушімен ынтымақтастығының маңызы» тақырыбында Жергілікті кәсіподақ төрағасы Байғұтов Нышан Тасболатұлы баяндама жасады.

Баяндамашы жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушімен өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Жергілікті кәсіподақ Түркістан облысы әкімдігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері және кәсіподақтардың облыстық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған келісімге орай, комиссия отырысында кәсіподақтың көзқарасын білдіріп, тараптардан қабылдаған міндеттемелерінің орындалуына ықпал етіп етуде. Соның нәтижесінде облыс көлемінде 27 жас маман жаңа пәтерге қоныстанды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша төленетін төлемдердің мерзімінде төленуі басты назарда.

Сондай-ақ, Жергілікті кәсіподаққа қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері әрбір білім мекемесінде құрылған Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы немесе мүшесі болып табылады. Әрбір білім мекемесінде «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарының орындалуы жіті қадағаланып отырады.

Отырыста сөз алған Түркістан облысы, Д. Қонаев атындағы № 25 колледждің директоры И. Исмайлов, Алматы экономика колледжінің директоры Ж. Қасымбек,  Білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» Алматылық жергілікті кәсіподағы» ҚБ Балқаш аудандық «Бірлік» филиалының төрағасы С. Смағұлов, Райымбек аудандық «Қамқор-2» филиалының төрағасы Ұ. Әбек, Келес ауданы, №33 Жуантөбе орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж. Шалқарова, Түркістан қаласындағы көмекші мектеп-интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б. Қасымова, Шымкент қаласы, №83 жалпы орта білім беретін мектептің директоры  Н. Еспанов күн тәртібіне қойылған мәселенің өзектілігі жөнінде айтып, кәсіподақ пен жұмыс берушінің өзара ынтымақтастығы нәтижесінде атқарылған жұмыстарын ортаға салып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша айтылған ұсыныстар ескеріле отырып, Атқару комитетінің қаулысы қабылданып, алдағы уақытта осы бағытта атқарылар іс-шаралар белгіленді.

«Білім және ғылым мекемелері мен кәсіпорындары және бюджеттік

ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ бас маманы Д. Бексейітова

 28 04 2022 1228 04 2022 10

28 04 2022 11

28 04 2022 13

28 04 2022 14

28 04 2022 15

28 04 2022 16

28 04 2022 17