Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы, халқының достығы пен бауырмалдығы бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық саналады.
Қазақ елі қазіргі таңда өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекетке айналған.
Біз – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған қуатты елміз.
Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті.
Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын
болашаққа бет алып келеміз.
Құрметті әріптестер!
Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық,
еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!
«Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы
Қ.Қ. Қаратаев