«2022 - Балалар жылы» және «Әлеуметтік әріптестік жылдарына» орай 1 маусым «Балаларды қорғау күні» және 5 маусым – Бүкілхалықтық референдум алдында Наурызбай ауданының білім ұйымдарында түрлі кездесулер өткізілуде.

Солардың бірі №157 және №187 жалпы білім беру мекемелерінде, №176 мектеп-гимназияда өткен көпшілік қауыммен кездесулер. Оларда биылғы 2022 жылдың еліміз президентінің пәрменімен «Балалар жылы» болуына байланысты осы бағыттарда жыл бойы түрлі бағыттағы шаралар өткізіліп келе жатқандығы айтылды. Сәуір айын түгел қамти өткен «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы ұйымдастырған «Жаңарған Қазақстан - балалар көзімен» атты суретші балалар көрмесі, осы айда Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастыруымен өтіп жаткан «Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі осының айғағы. Ұстаз еңбегі бала жетістігімен бірге көрініп бағалануда.

Осы шаралар топтамасы «Балаларды қорғау күні» қарсаңында қорытындыланып, одан әрі 4 маусым күні ұстаздарымыз «Ел рәміздерінің 30 жылдығы» құрметіне орай ұйымдастырылып жатқан веложарысқа қатыспақшы. Ол сайыс та тартымды өтеді деп күтудеміз.

Келесі, 5 маусым - Бүкілхалықтық референдум күні. Ел өзіндегі болар саяси өзгеріске «иә», немесе «жоқ» деп өз пікірін білдірмекші. Ата заңымыздың 33 бабы бойынша күтіліп отырған 56 өзгеріс атап айтылып, таныстырылып келеді. Еліміздің басқару жүйесінің «суперпрезиденттік» жолдан «президенттікке» ауысуы басты өзгеріс болмақшы. Барлық өзгерістер мен толықтырулар қоғам талабынан туындаған, сондықтан да қызу қолдау табуда.

 26 05 2022 01

26 05 2022 02

26 05 2022 03