ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Еңбек ресурстарын дамыту орталығының жанынан ашылған Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі Жобалық кеңсенің Басқарушы комитетінің бірінші отырысы өтті.
Тамара Дүйсенова өз сөзінде Ұлттық біліктілік жүйесі (әрі қарай - ҰБЖ) 2012 жылдан бері қалыптаса бастағанын атап өтті. Содан бері 2,6 мыңнан астам мамандықты қамтитын 590 кәсіби стандарт әзірленді. Оның 550-і Дүниежүзілік банктің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында бекітілді.
Министр кәсіби стандарттарды әзірлеу барысында бірқатар қиындықтың кездесетінін атап өтті.
«Біріншіден, бекітілген кәсіби стандарттар Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушісіндегі қосалқы санаттардың 27%-ын ғана қамтиды. Екінші мәселе - кәсіби стандарттарды әзірлеуге қаражаттың жоқтығы. Бұл ретте кәсіби стандарттардың басым бөлігін жаңартып, өзектілігін арттыру керек. Ең басты мәселе – процеске қатысушылар (мемлекеттік органдар, ҰКП, кәсіпорындар, білім беру ұйымдары, білім беру бағдарламаларын, кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысатын қауымдастықтар) арасында жұмысты үйлестіру және мақсатты бірлескен әрекет жоқ.
Осыған байланысты Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Жобалық кеңсенің жұмысы қайта жандандырылды. Мемлекеттік органдардың жанынан барлық мамандықты кәсіби стандарттармен қамту үшін жобалық топтар құрылды», - деді Тамара Дүйсенова.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзінше, Жобалық кеңседе ҰБЖ элементтерін енгізу барысын бақылау, үйлестіру және әдістемелік қолдау көрсетіледі. Кеңсе жұмысы біліктіліктің салалық жүйесін жоспарлы түрде және тиімді дамытуға бағытталады. Яғни кәсіби стандарттарды әзірлеуден бастап сертификаттау жүйесін енгізу, кәсіби біліктілікті тануға дейін қамтылады.
Отырыста ҰБЖ-ін дамыту мәселелері, жұмысты сапалы ұйымдастыру және мемлекеттік органдар жанындағы Жобалық кеңсе мен жобалық топтардың бірлескен жұмысы қаралды.
Отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова, Ernst &Young компаниясының серіктесі Ксения Бабушкина, «YevniyConsultingGroup» ЖШС басқарушы серіктесі Арман Евниев баяндама жасады.
Отырысты қорытындылаған Тамара Дүйсенова кәсіби стандарттар мен біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Национальная система квалификаций
Под председательством Министра труда и социальной защиты населения РК Тамары Дуйсеновой состоялось первое заседание Управляющего комитета Проектного офиса по развитию Национальной системы квалификаций, созданного при Центре развития трудовых ресурсов.
Открывая работу заседания, Тамара Дуйсенова напомнила, что формирование Национальной системы квалификации (далее – НСК) начато в 2012 году. Разработано 590 профстандартов, которые охватывают более 2,6 тыс. профессий, из них в рамках проекта Всемирного банка «Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест» утверждено 550 профстандартов.
Министр отметила, что в организации разработки профессиональных стандартов имеется ряд проблем.
«Во-первых, утвержденные профстандарты покрывает только 27% подклассов в Общем классификаторе видов экономической деятельности. Во-вторых, отсутствие финансовых средств на дальнейшую разработку профстандартов. При этом большая часть профессиональных стандартов требуют актуализации и обновления. Самое важное – отсутствует координация работы и целенаправленное взаимодействие между главными участниками процесса: государственными органами, НПП, предприятиями, организациями образования и ассоциациями, вовлеченными в разработку профстандартов, образовательных программ.
В связи с этим, в соответствии с поручением Премьер-министра возобновлена работа Проектного офиса и созданы проектные группы при государственных органах для покрытия всех профессий профессиональными стандартами», – сказала Тамара Дуйсенова.
По словам главы МТСЗН, в Проектном офисе будет осуществляться координация, методическая поддержка и контроль за ходом внедрения всех элементов НСК. Его работа будет направлена на планомерное и эффективное развитие отраслевых систем квалификаций, начиная от разработки профстандартов, заканчивая внедрением системы сертификации и признания профессиональных квалификаций.
В ходе заседания были рассмотрены вопросы, связанные с дальнейшим развитием НСК, качественной организацией работы и взаимодействия Проектного офиса и проектных групп при государственных органах.
С докладами выступили Первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Акмади Сарбасов, Первый вице-министр образования и науки РК Шолпан Каринова, партнер компании Ernst &Young Ксения Бабушкина, управляющий партнер ТОО «YevniyConsultingGroup» Арман Евниев.
Подводя итоги заседания Тамара Дуйсенова дала ряд поручений по дальнейшей работе по разработке и актуализации отраслевых рамок квалификаций и профстандартов.
Пресс-служба МТСЗН