31 05 2022 03

1921-1954 жылдар аралығындағы кезеңде «халық жауларын» анықтау саясатының салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді.

Миллиондаған қазақстандық 1932-33 жылдары ашаршылықтың құрбаны болды.

Республика аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтер бойынша, тұтқындардың жалпы саны бұл саннан едәуір көп.

1930-1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматы үшін депортация орны болды. 1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, күрдтер мен әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында елге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударылды. Олардың саны 1 миллион 200 мыңның шамасында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.

«2003-2021 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 385 теңге мен (3/4 АЕК) 318 000 теңге (100 АЕК) аралығында», - деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Бұдан басқа, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлеріне қарамастан 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2022 жылы-3 403 теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

«Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 29 648 жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азамат арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алды», - деді Асқар Ниязов.

Ақталған азаматтардың, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдардың бірінші кезекте:

- бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған, жазасын өтеген, басқа елді мекемендерге жіберілген, арнайы елді мекендерде еркіндігі шектеліп, мәжбүрлі еңбекпен айналысқан және мәжбүрлеп психиатриялық мекемелерде емдеуде болған уақытының үш есе мөлшерде зейнетақы алу үшін қатысу өтіліне есептелуіне;

- оларға ыңғайлы уақытта кезекті еңбек демалысын алу, сондай-ақ жылына екі аптаға дейінгі мерзімге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу;

- телефондарды бірінші кезекте орнату;

-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастыру, оларда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұру;

- протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету;

- оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегін кеңес алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақталған адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету жөнінде жергілікті бюджеттер есебінен қосымша шаралар белгілеуге құқылы.

Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетеді.

2022 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 8 232 азаматқа 3 278 теңгеден 47 700 теңгеге дейінгі мөлшерде 182 млн теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Әр түрлі мәліметтер бойынша, өткен ғасырдың 30-шы жылдарында халық саны 3 миллионнан астам адамға азайды. Еліміздің 100 мыңнан астам тұрғыны саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Бұл күндері Алматыда түрлі естелік іс-шаралар, соның ішінде "дөңгелек үстелдер" форматындағы конференциялар, тарихи-ағартушылық дәрістер, театрландырылған қойылымдар, кітапханаларда фото және кітап көрмелері, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері және т. б. өтуде.

31 05 2022 04

Ежегодно 31 мая в стране отмечают День памяти жертв политических репрессий и голода.

В результате политики по выявлению «врагов народа» в период с 1921 по 1954 годы в Казахстане было осуждено 100 тыс. человек, к 25 тыс. из них была применена высшая мера наказания – расстрел.

Миллионы казахстанцев стали жертвами голода в 1932-33 годах.

На территории республики находились самые крупные лагеря структуры ГУЛАГ – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг. За годы репрессий в лагеря Казахстана было сослано более 5 млн человек. По некоторым данным, общее число заключенных значительно превышает эту цифру.

В 1930-1940 годы Казахстан был местом депортации для миллионов советских граждан. Осенью 1937 года сотни тысяч корейцев, турок, иранцев, курдов и азербайджанцев были переселены в республику. Также в годы Великой Отечественной войны в страну депортировали немцев, греков, чеченцев, ингушей, карачаевцев, балкарцев, крымских татар и другие народы. Их численность оценивают в 1 млн 200 тыс. человек.

Согласно действующему законодательству жертвам политических репрессий и лицам, признанным пострадавшими от политических репрессий, с 2003 года выплачиваются единовременные денежные компенсации.

«За период с 2003 по 2021 годы единовременная денежная компенсация из республиканского бюджета выплачена на сумму 2,9 млрд тенге. Размер компенсации составляет от 2 385 тенге (3/4 МРП) до 318 000 тенге (100 МРП),– сообщил директор Департамента социальной помощи МТСЗН РК Аскар Ниязов.

Кроме того, жертвам политических репрессий, а также лицам, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами, независимо от иных видов социальных выплат выплачивается специальное государственное пособие (далее – СГП) в размере 1,07 месячного расчетного показателя (в 2022 году – 3 403 тенге).

«Численность получателей СГП из числа жертв массовых политических репрессий и пострадавших от политических репрессий на 1 мая 2022 года составила 29 648 человек», – добавил Аскар Ниязов.

Реабилитированные граждане, а также лица, признанные пострадавшими от политических репрессий, имеющие инвалидность или являющиеся пенсионерами, имеют право на:

- зачет времени содержания под стражей, отбытия наказания в местах лишения свободы, ссылки, привлечения к принудительному труду с ограничением свободы на спецпоселении и на принудительном лечении в психиатрических учреждениях в стаж для получения пенсии – в тройном размере;

- получение очередного трудового отпуска в удобное для них время, а также на дополнительный отпуск без сохранения заработной платы сроком до двух недель в году;

- первоочередную установку телефонов;

- первоочередное устройство в дома-интернаты для престарелых и лиц с инвалидностью, проживание в них на полном государственном обеспечении в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

- льготное обеспечение протезно-ортопедическими изделиями;

- бесплатную консультацию адвокатов по вопросам, связанным с реабилитацией.

Кроме того, местные исполнительные органы по решению местных представительных органов вправе устанавливать за счет местных бюджетов дополнительные меры по оказанию материальной и других видов помощи лицам, подвергшимся политическим репрессиям и реабилитированным в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Так, ежегодно ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода местными исполнительными органами предоставляется единовременная материальная помощь жертвам и пострадавшим от политических репрессий.

В 2022 году за счет средств местных бюджетов единовременная материальная помощь будет оказана 8 232 гражданам на сумму 182 млн. тенге в размере от 3 278 тенге до 47 700 тенге.

По разным данным, численность населения в 30-е  годы прошлого века сократилась более чем на 3 млн человек. Жертвами политических репрессий стали свыше 100 тысяч жителей страны.

В эти дни в г.Алматы проходят различные памятные мероприятия, в том числе конференции в формате «круглые столы», историко-просветительские лекции, театрализованные представления, фото и книжные выставки в библиотеках, встречи молодежи с представителями интеллигенции и др.

ТОП АСП