Ана мен баланы әлеуметтік қорғау көпдеңгейлі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады.
Жүйеге бюджеттен төленетін жәрдемақының 5 түрі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемнің 3 түрі кіреді.
Мемлекет базалық деңгейде бала тууына байланысты республикалық бюджеттен біржолғы жәрдемақы төлейді. Оның мөлшері 120 840 теңге мен (бірінші-үшінші балаға) 200 340 (төрт және одан да көп балаға) теңге аралығында.
Жұмыс істемейтін әйелдерге 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Оның мөлшері отбасындағы бала санына қарай есептеледі. Жәрдемақы мөлшері 18 317 теңге (бір балаға) мен 28 302 (төрт және одан көп балаға) теңгенің аралығында.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған баласы бар немесе күндізгі оқу нысанында білім алатын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері бала санына қарай 50 976 теңгеден бастап (4 бала) 203 520 теңгеге (16 бала) дейін жетеді.
Көпбалалы аналардың дәрежесін көтеру үшін де мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Ол «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленеді. Қазір жәрдемақы мөлшері 20 352 теңге.
Бұдан бөлек мүгедектігі бар баланың кәмелет жасына жеткенге дейінгі күтімі бойынша республикалық бюджеттен жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 52 345 теңге. Мүгедектігі бар бала кәмелет жасына толған соң мүгедектіктің бірінші тобы белгіленсе, онда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы төленеді. Оның да мөлшері 52 345 теңге.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын жұмыс істейтін әйелдерге жұмыс берушілердің есебінен түсетін әлеуметтік жарналардың негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем қарастырылған.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек жүктілігіне, босануына және жаңа туған бала асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалған. Төлем алушының құқығы уақытша еңбекке жарамсыздық парағында (аурухана парағы) көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс басталған күннен күшіне енеді. Біржолғы төлем демалыстың барлық күніне төленеді. Оның мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына бір жылдағы орташа айлық табыстан түсетін әлеуметтік жарнаға және аурухана парағы берілген күндерге байланысты. Қазір бұл әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 677,6 мың теңге.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер де төленеді. Төлем алушының құқығы бала туған күннен, жаңа туған баланы асырап алу жөнінде сот шешімі күшіне енген күннен немесе қамқоршы тағайындалған күннен бастап күшіне енеді. Төлем жаңа туған баланы күтумен айналысатын және табысынан айырылғандарға төленеді. Төлем мөлшері төлем алушының құқығы күшіне енгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40%-нің шамасында
Бұдан бөлек асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша базалық жәрдемақыларға қосымша бюджет қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын әкесінің немесе анасының қамқорлығынсыз қалғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төленетін бұл әлеуметтік төлемді бала 18 жасқа дейін алуға құқылы. Егер бала күндізгі оқу нысанында білім алатын студент болса, онда бұл әлеуметтік төлемді 23 жасқа дейін алуға құқылы. Ай сайынғы төлем мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 2 жылдағы орташа айлық табыстан түсетін әлеуметтік жарнаға, қараусыз қалғандар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.
Социальная поддержка материнства и детства обеспечивается через многоуровневую систему социальной помощи и социального страхования, которая включает в себя 5 видов пособий, выплачиваемых из бюджета, и 3 вида выплат из Государственного фонда социального страхования.
На базовом уровне государство гарантирует за счет средств республиканского бюджета единовременное пособие на рождение ребенка. Его размер составляет от 120 840 тенге (на первого-третьего ребенка) до 200 340 тенге (на четвертого ребенка и более).
Для неработающих женщин также предусмотрено ежемесячное пособие по уходу за ребенком до достижения им возраста одного года. Его размер дифференцирован от количества детей в семье и составляет от 18 317 тенге (на первого ребенка до 28 302 тенге (на четвертого ребенка и более).
С 1 января 2020 года семьям, имеющим 4 и более совместно проживающих несовершеннолетних детей или студентов очной формы обучения в возрасте до 23 лет, вне зависимости от их дохода выплачивается государственное пособие по многодетности. Его размеры дифференцированы от количества детей и составляют от 50 976 тенге (4 ребенка) до 203 520 тенге (16 детей).
Для повышения престижа и авторитета многодетных матерей также назначается государственное пособие, выплачиваемое независимо от дохода многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа». Размер пособия в настоящее время составляет 20 352 тенге.
Кроме того, из государственного бюджета выплачивается пособие по уходу за ребенком с инвалидностью до достижения им совершеннолетия, размер пособия составляет 52 345 тенге. В случае установления инвалидности 1 группы по достижении ребенком-инвалидом совершеннолетия, выплачивается пособие по уходу за инвалидом первой группы, размер которого также составляет 52 345 тенге. Данные виды выплат осуществляются помимо пособий по инвалидности.
Для работающих женщин, являющихся участницами системы обязательного социального страхования, на основании социальных отчислений, поступивших за счет средств работодателей, также предусмотрены социальные выплаты из ГФСС.
В частности, помимо государственных пособий из ГФСС назначаются единовременные социальные выплаты на случай потери дохода в связи с беременностью и родами, усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей). Право на данную выплату возникает с даты отпуска по беременности и родам, указанной в листе о временной нетрудоспособности (больничный лист). Выплата осуществляется единовременно на все дни отпуска. Размер выплаты зависит от среденемесячного дохода, с которого поступили социальные отчисления в ГФСС за последний год работы, и количества дней, на которые выдан больничный лист. На сегодняшний день средний размер данной социальной выплаты составляет 677,6 тыс. тенге.
Из ГФСС также производятся ежемесячные выплаты на случай потери дохода в связи с уходом за ребенком до достижения им возраста 1 года. Право на эту соцвыплату возникает с даты рождения ребенка или со дня вступления в силу решения суда об усыновлении (удочерении) новорожденного ребенка, или назначения опекуна. Выплата назначается лицу, фактически осуществляющему уход за новорожденным ребенком и потерявшему доход. Размер выплаты составляет 40% от среднемесячного дохода, с которого поступили социальные отчисления в ГФСС за последние 2 года до даты возникновения права.
Кроме того, дополнительно к базовым пособиям по потере кормильца за счет бюджетных средств из ГФСС оказывается соцподдержка иждивенцам, потерявшим родителя – участника системы обязательного социального страхования. Право на социальную выплату на случай потери кормильца имеют дети до достижения 18 лет или до 23 лет, если они являются студентами очной формы обучения. Размер ежемесячной выплаты зависит от среднемесячного дохода, с которого поступили социальные отчисления в ГФСС за последние 2 года, количества иждивенцев и стажа участия в системе обязательного социального страхования.
ТОП АСП