ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі-ЕХӘҚМ) онлайн режимде Балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді, оның барысында балалар еңбегіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс талқыланды, сондай-ақ оқудан бос уақытында 14-тен 16-ға дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалардың еңбегін пайдалануға рұқсат етілетін жеңіл жұмыстар тізімінің жобасы ұсынылды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен өткен іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың – Білім және ғылым, Ішкі істер, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ҚР Бас прокуратурасының, жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), сондай-ақ ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері, ҮЕҰ өкілдері және ЕХӘҚМ әлеуметтік серіктестері қатысты.
Отырыста екі негізгі мәселе қаралды:
- балалар еңбегіне жол бермеу жөніндегі ағымдағы жағдай туралы;
- оқудан бос уақытында он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың еңбегін пайдалануға рұқсат етілетін жеңіл жұмыстар тізімінің жобасы туралы.
Ақмәди Сарбасов өз сөзінде Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) екі негізгі конвенциясын ратификациялағанын еске салды: №132 «Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы» және №182 «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және оларды жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы».
Бірінші вице-министр сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мақсатында қабылданып жатқан басқа да шараларға тоқталды.
«Қазақстанда балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары және Үкіметтің адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары іске асырылуда», – деп хабарлады Ақмәди Сарбасов.
2022-2024 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары шеңберінде балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою саласындағы заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізу және т. б. мәселелері бойынша саясатты жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кәмелетке толмағандарды өңірлердегі түрлі жұмыстарға тарту туралы хабардар етті, ал ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов ведомстволардың балалар еңбегіне жол бермеу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
Кеңес қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері үшін мынадай ұсынымдар әзірленді:
- өз ұсыныстарын оқудан бос уақытында 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалардың еңбегін пайдалануға рұқсат етілетін жеңіл жұмыстар тізімінің жобасына жіберу;
- 2022-2024 жылдарға арналған балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру және ҮЕҰ-мен бірлесіп балалар еңбегі мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу мәселесін қарау.
Кәмелетке толмағандарды пайдалану көбінесе жазғы демалыс уақытында рұқсат етіледі, шағын бизнес субъектілерінен 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, базарлардағы сауда орындарында, көлік жуу орындарында және автокөлік құралдарын жөндеу станцияларында, қоғамдық тамақтану пункттерінде жұмысқа тартылатынын айта кету керек. Сонымен қатар ең көп кездесетін бұзушылық – еңбек шарттарының болмауы.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз орталығы
О текущей ситуации по недопущению детского труда
Министерство труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН) провело в онлайн режиме заседание Координационного совета по борьбе с наихудшими формами детского труда, в ходе которого обсуждалась проводимая работа по недопущению детского труда, а также был представлен проект Списка легких работ, на которых разрешается использование труда несовершеннолетних детей в возрасте от 14 до 16 лет в свободное от учебы время.
В мероприятии, прошедшем под председательством первого вице-министра труда и социальной защиты населения РК Акмади Сарбасова, приняли участие представители заинтересованных государственных органов – министерств образования и науки, внутренних дел, здравоохранения, сельского хозяйства, Генеральной прокуратуры РК, местных исполнительных органов (далее – МИО), а также Уполномоченный по правам человека в РК, представители НПО и социальные партнеры МТСЗН.
На заседании были рассмотрены два основных вопроса:
- о текущей ситуации по недопущению детского труда;
- о проекте Списка легких работ, на которых разрешается использование труда несовершеннолетних детей в возрасте от четырнадцати до шестнадцати лет в свободное от учебы время.
В своем выступлении Акмади Сарбасов напомнил, что Казахстан ратифицировал две основополагающие конвенции Международной организации труда (далее – МОТ): №132 «О минимальном возрасте для приема на работу» и №182 «О запрещении и немедленных мерах по искоренению наихудших форм детского труда».
Первый вице-министр также рассказал и других мерах, принимаемых в целях искоренения наихудших форм детского труда.
«В Казахстане реализуются новый План мероприятий по искоренению наихудших форм детского труда на 2022-2024 годы и План мероприятий Правительства по профилактике, предотвращению и борьбе с преступлениями, связанными с торговлей людьми, на 2021 – 2023 годы», – сообщил Акмади Сарбасов.
В рамках нового Плана мероприятий, рассчитанного на 2022-2024 годы, ведется работа по совершенствованию политики по вопросам искоренения наихудших форм детского труда, по обеспечению защиты прав и свобод несовершеннолетних, по проведению проверок на соблюдение законодательства в области искоренения наихудших форм детского труда и так далее.
Контроль, направленный на защиту трудовых прав несовершеннолетних, осуществляется уполномоченными государственными органами.
В свою очередь заместитель акима г. Алматы Асем Нусупова и заместитель акима Туркестанской области Сакен Калкаманов проинформировали о привлечении несовершеннолетних к различным работам в регионах, а председатель Комитета по охране прав детей МОН РК Есенгазы Имангалиев и председатель Комитета административной полиции МВД РК Атыгай Арыстанов рассказали о проводимой ведомствами работе по недопущению детского труда.
По итогам совещания для членов Координационного совета выработаны следующие рекомендации:
- направить свои предложения к проекту Списка легких работ, на которых разрешается использование труда несовершеннолетних детей в возрасте от 14 до 16 лет в свободное от учебы время;
- продолжить работу по реализации Плана мероприятий по искоренению наихудших форм детского труда на 2022-2024 годы и совместно с НПО рассмотреть вопрос проведения исследований по вопросам детского труда.
Стоит отметить, что эксплуатация несовершеннолетних чаще всего допускается в летнее каникулярное время, к труду привлекаются дети в возрасте от 12 до 18 лет у субъектов малого бизнеса, в местах торговли на рынках, на автомойках и станциях ремонта автотранспортных средств, в пунктах общественного питания. При этом наиболее характерным нарушением является отсутствие трудовых договоров.
Пресс-центр Министерства труда и социальной защиты населения РК