Құрметті Қазақстанның денсаулық сақтау саласы қызметкерлері!
Сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күні медицина қарқынды дамуда, медицина қызметкерлері саладағы ғылымның соңғы жетістіктерін ерекше назарға алып, халық денсаулығын жақсартуға қызмет етулері тиіс. Қазіргі таңда медицина қызметкерінен беріліп жұмыс істеп қана қоймай, дами отырып, жаңа технологияларды игеру де талап етіледі.
Денсаулық сақтау жүйесінің бүкіл жетістігінде денсаулықты нығайту мен өмірді сақтауға өз үлесін қосатын дәрігер, мейіргер, фельдшер және жүйенің барлық қызметкері медицинадағы негізгі тұлға болып табылады.
Ең алдымен, бар өмірін халық денсаулығын сақтау мен қорғауға арнап, қазірде құрметті демалыста, біразы әлі күнге дейін еңбек етіп, өмірлік және кәсіби тәжірибесін жастарға үйретіп жүрген сала ардагерлеріне алғыс білдіргім келеді.
Сонымен бірге мереке күні өзінің қызмет орнындағы: ауруханаларда, перзентханаларда, «жедел жәрдем» бригадаларында кезекшіліктегі барлық дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін. Медицина қызметкерінің жұмысының ерекшелігі – адам оған сауығып кетемін деген зор үмітпен келеді.
Құрметті әріптестер! Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін тағы да алғыс білдіремін. Мықты денсаулық, отбасылық береке және қызметте табысқа жетулеріңізді тілеймін!
«Алматы кәсіподақтар одағы»
кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы
Қ.Қ. Қаратаев
Работникам организаций здравоохранения
Дорогие коллеги!
От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником – Днем медицинского работника.
Медицина – это динамично развивающаяся отрасль, в которой последние достижения науки должны быть на вооружении у медиков и служить на благо здоровья. Сегодня от медицинского работника требуется не только самоотдача, но и постоянное развитие, работа над собой, освоение новых технологий.
При всех достижениях системы здравоохранения главной фигурой в медицине остается человек: врач, медсестра, фельдшер и все работники системы, которые вносят свой вклад в укрепление здоровья и сохранение жизни.
Особую благодарность хочу выразить ветеранам медицины, которые, отдав всю свою жизнь здравоохранению, сейчас находятся на заслуженном отдыхе, а многие продолжают работать, делясь своим бесценным жизненным и практическим опытом с молодежью.
Выражаю слова признательности всем, кто и в праздничный день будет находиться на своём посту – дежурить в больницах, роддомах, бригадах «скорой помощи». В этом специфика профессии медика – человека, к которому идут с надеждой на исцеление.
Уважаемые коллеги! Еще раз хочу поблагодарить вас за ваш труд. Желаю успехов в профессиональной деятельности, уверенности в будущем, крепкого здоровья и семейного благополучия!
Председатель
Территориального объединения профсоюзов «Алматинский союз профсоюзов»
К.К. Каратаев