Алматыда халықаралық «Мұражай күніне» орай орталық мұражайда «Талантты балалар шеруі» атты фестивалі болып өтті. Іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. «Музей түні – 2022» іс-шарасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы»-деп жариялауына орай, талантты балалардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталды.
Аталмыш акцияның негізгі бөлігі «Талантты балалар шеруі» республикалық балалар фестиваліне арналды. Фестивалға республикамыздың әр өңірінен өнер, спорт, музыка, шығармашылық жағынан халықаралық, республикалық конкурстар лауреаттары мен талантты жасөспірімдер қатысты. Фестиваль қортындысы бойынша «Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік оқушы», «Қадір Мырзалиев атындағы «Үздік ақын», «Әлкей Марғұлан атындағы «Үздік археолог», «Асқар Жұмаділдаев атындағы «Үздік өнертапқыш», «Құман Тастанбеков атындағы «Үздік актер», «Бибігүл Төлегенова атындағы «Үздік әнші», «Дина Нұрпейісова атындағы «Үздік күйші», Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Үздік спортшы», барлығы 16 номинация бойынша марапатталса, өзге қатынасушыларға алғыс хаттар тапсырылды. Атаулы номинацияларды КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және тағы басқа ғылым, мәдениет және өнер саласындағы елімізге белгілі қайраткерлер табыстады.
Музей түні іс-шарасының аясында арнайы ашылған «Коворкинг балалар орталығының» салтанатты ашылуында тұсаукесері қию рәсімін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Р.С.Кәрібжанова, орталықтың ашылуына демеуші болған «КМF» микроқаржы ұйымының басқарама төрағасы Шалқар Аманқосұлы және «Ұлт мақтанышы» халықаралық таланттар фестивалінің жеңімпазы Амели Киоссеге жасады. Орталықтың жұмысы балаларды мұражай әлемімен, ондағы тарихи құндылықтармен таныстыруға, сондай-ақ, шығарамашылық бастамалар мен балалардың мүмкіндіктерін ұштауды ұйымдастыруға бағытталған. Яғни, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, отандық мультипликациялық фильмдер көру, кітап оқу, қазақ ұлттық ойындары және дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету бағыттарында жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, фестивалге қатынасушы балалардың қатынасуымен «Жас өлкетанушылар», «Жас экскурсия жүргізушісі», «Жас суретшілер» үйірмелері де өз жұмысын бастады.
«Музей түні» іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен «Қырым Аралы» отандық ғылыми – қалпына келтіру зертханасында қалпына келтірілген бірегей археологиялық материалдар негізінде «Қайта жарқыраған жауһарлар – Аралы" атты көрме ашылды. Көрмеге қалпына келтірілген 100-ге жуық археологиялық артефактілер қойылды, олар Қазақстанның ерте көшпелілерінің тарихы және мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Көрмеге қойылған артефакті арасында Берел қорымынан табылған жәдігерлер ерекше орын алады: ат әбзелдері мен атжабу, жылқыға арналған былғарыдан жасалған бетперденің мүйіз қаптамасы, қару-жарақтар мен ағаштан жасалған тұрмыстық бұйымдар; Аблайкит буддалық ғибадатханасынан табылған тибет жазуы бар қайың қабығының фрагменті. Сондай ақ, «Үржар абызының» реконструкциясы ұсынылды.
Жанданған экспозициялар, музей қорындағы сирек кездесетін қару-жарақтар коллекциясы негізінде «Ер қаруы бес қару» көрмесі ( XVIII-XIX ғғ.), көрмеде музейдің археологиялық коллекциясындағы артефактілер – б.з. д. V–IV ғғ. жататын (ерте темір ғасыры), зооморфтық стильдегі элементтермен безендірілген қылыштар мен қанжарлар, сондай-ақ қазақтардың дәстүрлі қару түрлері алғаш рет ұсынылып отыр.
«Музей түні – 2022» акциясы аясында ҚР Мемлекеттік орталық мражайы "Балалар жылына" арналған "Менің бақытты балалық шағым" атты балалар шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге Алматы қаласының көркемөнер мектептері мен бейнелеу студияларының, балалар клубтарының және шығармашылық даму орталықтарының түрлі жастағы оқушылары қатысады, олар: «А.Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі», «Да Винчи» шығармашылық дамыту орталығы, «ArtMixstudio» шығармашылық студиясы, «ДАРиЯ» шығармашылық студиясы, «Лидия Дроздованың арт-шеберханасы», «АртУм» балалар дамыту орталығы, «Genius» балалар орталығы, «By ART» студиясы, «Умка» балалар білім беру орталығы, «Феникс» балалар клубы, "Рембрандт" арт-студиясы, Тұран" мектеп-лицейінің "Вдохновение" студиясы, "Saltanat" сәндік-қолданбалы шығармашылық үлгілі студиясы, "Подснежник" көркем-білім беру студиясы, «Art-8» студиясы, «Profskitls» студиясы, «OngarovaKT» студиясы, «Класс» даму орталығы және т.б. Ұсынылған жұмыстардың сюжеттері Қазақстанның көркем пейзаждарын, адамдардың портреттері мен түрлі натюрморттарды, әдемі ғимараттарды, көптеген саябақтар мен скверлерді, жасыл желекке оранған сүйікті қаламызды, сонымен қатар біздің тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері мен табиғаттың әр түрлі жай-күйіндегі әсемдігін бейнелейді. Сонымен қатар, танымал фотограф, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, халықаралық, республикалық және қалалық байқаулардың лауреаты Максим Золотухиннің «Өзімнің арманым» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге Алматы қаласына арналған 35 жұмыс қойылды, аталмыш фотосуреттерде әсем қаланың көрікті жерлері, тарихи және сәулет нысандары бейнеленген. Бұл түні мұражай қызметкерлері барынша экспозицияға жан бітіруге тырысты, ондай көріністердің бірін келушілердің назарына археология бөлімінің қызметкерлері Қ.А.Яссауидің өмірі мен шығармашылығы туралы «Дәруіш – уақыт кеңістігіндегі кезбе» атты қойылым ұсынды. Бұл жерде қызығушылық танытқан көрермен Қ.А. Яссауи кесенесіне байланысты жаңа археологиялық мәліметтер, мұражайдың археология қорынан осы кесененің қыш тақташалары мен шырағдандарды (түп нұсқасы) көре алады.
Тарих ғылымының бір саласы болып табылатын нумизматика саласына байланысты мұражайлық деректану және қолжазба орталығының қызметкерлері «Монеталар әлеміне саяхат» атты интерактивті сабақ өткізді. Сабақ барысында нумизматика ғылымына қысқаша шолу жасалып, ежелгі шығыс және батыс елдерінің, сондай-ақ Қазақстан аумағында әр кезеңде ақша айналымында болған алуан түрлі монеталары таныстырылды. Келушілер назарына монеталардан жасалған әшекей бұйымдар, күміс жамбы, мыс ақша құймалары да жұртшылықтың назарына ұсынылды.
Мұражайдың экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Қазақ этнографиясы» залында Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында тоғызқұмалақ, асық ойындарын ойнатты. Сондай-ақ келушілерге және балаларға казақтың қол өнері жүн түту, кілем тоқу, ұршық иіру түрлерінен шеберлік сабақтар өткізіп, кілем түрлері мен ою-өрнектер туралы мәліметтер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мерекеге келуші қонақтар үшін О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті түрлі бағыттар (кескіндеме, мүсін, графика) бойынша, Қазақстан-Жапон орталығы оригами, каллиграфия, «фурошики» өнері бойынша шабарлік сабақатар өткізді, «Болашақтың музейін саламыз» Арт-алаңы» жобасы аясында оқытушылар балалармен болашақ музейдің суреттерін салып, ҚХР Бас консулдығы шай рәсімі мен каллиграфия бойынша шеберлік-сабақтар өткізді. Ал, кішкентай қонақтарымыз үшін Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері қуыршақтар театырының қойылымдарын ұсынды. Сонымен қатар «Музей түні - 2022» іс-шарасының аясында Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, «Камерата Казахстан» ансамблі және Валентина Боровикованың жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі мен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттерінің сәндік коллекциясының көрсетілімі және Қазақстан-Жапон орталығынан оригами, каллиграфия, «фурошики» өнері бойынша шеберлік-сабақтар өтті. Сондай-ақ, мерекелік іс-шара қонақтары мемлекеттік оркестрлер мен балалар ұжымдарының музыкалық шығармашылық концертерін тамашалады. Арнайы балалар үшін Қазақстан суретшілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен шеберлік сабақтар өткізілді.
Аталмыш шарада талантты балалардың өнерлерін бағалап, лайықты бағасын беру болатын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражай директоры Рашида Ерімқызы Харипова, кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақыт Алдамбергенова өнерпаздарға сәттілік тіледі. Талантты шеруде өнерімен ерекше көзге түскен өнерпаздарды Алматы қаласы «Жергілікті «Руханият» кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы И.Омаров мырза марапаттап, құрмет қошемет көрсетті. Орталық мұражайдың Қор сақтау бөлімінің қор сақтаушы маманы Майра Әшімқызы Азмуханова және А. Және Ғ. Жұбановтар мұрасын зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Ляззат Елемесқызы Сагнаева ханым «Әлеуметтік серіктестігі үшін» медалімен марапатталды. «Мұражай күніне» орай көп жылдан бері кәсіподақ мүшесі болып келе жатқан мемлекеттік орталық мұражай қызметкерлері де елеусіз қалмады. Мәдени білім жұмысы бөлімінің бөлім жетекшісінің РR бойынша орынбасары Сұлушаш Есенбайқызы Агелеуова, Экспозициялардысақтауды қамтамасыз ету бөлімінің мұражай қараушысы Шахраим Заирқызы Бакиева, Экспозицияларды сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің мұражай қараушысы Ұлжан Макметқызы Жауарова, Экспозицияларды сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің мұражай қараушысы Эльмира Файздрахманқызы Латыпова, Экспозицияларды сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің мұражай қараушысы Алима Тлеукеқызы Маукеева, Ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің ТҚ бойынша инспекторы Айнұр Мусақызы Ерталеева, Ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің кассирі Арман Сырымқызы Арыстанбек, Ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің ғимарат тазалаушысы Ұлбике Сметқызы Сатаева, Ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің ғимарат тазалаушысы Зауре Тұрынбайқызы Алтыбаева, Эккурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің экскурсия жүргізуші маманы Дулат Лукбекұлы Буркитбаев, Компьютерлік ақпарат және сервис секторының жетекшісі Середенко Игорь Павлович, Қор сақтау бөлімінің қор сақтаушы маманы Айгерім Оралбайқызы Төлегенова Мақтау қағазымен марапатталды.
Қайрат СЕМБІҰЛЫ