28 06 2022

 

Құрметті бұқаралық ақпарат қызметкерлері!

Құрметті «Профсоюзная жизнь Казахстана»

журналының редакциясы! 

Сіздерді кәсіби  мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әрқашан халықтың ортасында болып, қоғамымызда орын алып жатқан жайттарды көрсетіп, жауапкершілігі аса жоғары салада тер төгіп жүрсіздер.

Сіздердің жарияланымдарыңыз бен көтеретін мәселелеріңіз қарапайым халықтың ойлары мен пікірлерін, ұмтылыстары мен үміттерін көрсетеді.

Сіздердің еңбектеріңіз елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие. Кәсіби дағдыларыңыз бен білімдеріңізбен Қазақстанның әлемнің озық және дамыған елдерінің қатарына енуіне үлес қосып келесіздер.

Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып,  сарқылмас шабыт, ерен еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз.

 «Алматы кәсіподақтар одағы»

кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы

Қ.Қ. Қаратаев