Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдерінің орынбасарларының, мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында кәсіпорындарда еңбек жанжалдарының алдын алу, жұмысшылардың алдындағы берешекті өтеу, босатылатын жұмысшыларды жұмыспен қамту, өндірістік жарақаттану оқиғаларының санын қысқарту мәселелері қаралды. Осы бағыттағы проблемалық мәселелердің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар пысықталуда.
Тамара Дүйсенова жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және оларды әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту барысында қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігіне баса назар аударды.
Министрдің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы және біліктілік деңгейі қатаң бақылауға алынады. Сондай-ақ өз лауазымдық міндеттерін толық көлемде орындамағаны үшін бірқатар облыстардың мемлекеттік еңбек инспекторларына ескерту жасалды.
Вопросы защиты трудовых прав работников
Министр труда и социальной защиты населения РК Тамара Дуйсенова провела совещание по видеосвязи с государственными инспекторами труда. Также участие в мероприятии приняли заместители акимов областей, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент.
В ходе совещания были рассмотрены вопросы предупреждения трудовых конфликтов на предприятиях, погашения задолженности перед работниками, занятости высвобождаемых работников и сокращения числа случаев производственного травматизма.
Тамара Дуйсенова акцентировала внимание на вопросах защиты трудовых прав работников и обеспечения их мерами социального страхования, а также необходимости строгого соблюдения действующего законодательства при привлечении иностранной рабочей силы.
Министр отметила, что качество работы государственных инспекторов труда взято на особый контроль. Кроме того, в ходе совещания за невыполнение своих должностных обязанностей в полном объеме вынесено предупреждение государственным инспекторам труда ряда областей.