Құрметті әріптестер!
Баршаңызды еліміз үшін маңызды да мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
30 тамыз – қазақстандықтардың құқығы мен еркіндігін нақты белгілейтін еліміздің басты Заңы үшін ерекше күн.
Бүгінгі таңда біз Конституциямыздың арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақты мемлекетке айналғанымызды мақтанышпен айта аламыз.
Конституция – тұрақтылық пен жасампаздық, бірлік пен ынтымақ нышаны. Жеріміздегі бейбітшілік, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің тепе-теңдігі, білім беру бағдарламаларының таңдауға ие болуы, ақпараттық технологиялардың қолжетімділігі – осының барлығы еліміздің бас Заңының қағидасына сөзсіз сүйену нәтижесі болып табылады. Және біздің міндетіміз – осы мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа беру.
Еліміздің дамуы үшін маңызды шешімдердің жүзеге асырылуы – Еңбек адамдарының ерен еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамының денсаулығы мен сапалы білімі, біліктілігі мен тәжірибесі – елiмiздiң баға жетпес негізгі байлығы.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, толағай табыс және еліміздің игілігі жолында жетістіктер тілеймін!
«Алматы кәсіподақтар одағы»
кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы
Қ.Қ. Қаратаев