ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті қарастырылған. Олардың бірі – 2023-2027 жылдар кезеңінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі-ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен енгізу. Бұл зейнеткерлік демалысқа шыққан азаматтарға жинақтаушы жүйеден қосымша зейнетақы төлемін төлеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін (қызметкердің зейнетақы жинақтары есебінен қалыптастырылады) қамтитын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты.
Зейнетақының ынтымақты бөлігі жыл сайын азаятыны белгілі, өйткені оны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін жасалған еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте жұмыскердің 10% БЖЗҚ-ға жарналары тиісті зейнетақы мөлшерін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
Әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамтамасыз етуде жұмыс берушіге маңызды рөл бөлінгенін атап өткен жөн. Мысалы, Малайзияда жұмыскер табысының 23%-ынан жұмыс берушілер зейнетақы қорына 12%, қызметкер – 11%; Австралияда 9,5%-ын тек жұмыс беруші төлейді; Беларусьте – 29%, оның ішінде жұмыс беруші – 28%; Германияда – 18,6%, оның ішінде жұмыс беруші – 9,3% төлейді.
Қазақстанда ЖМЗЖ енгізу халықты зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуге мүмкіндік береді,сондай-ақ жоғалған табысты барабар зейнетақы төлемдерімен алмастыруды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін ескере отырып, күн тәртібінен тыс кезеңде жұмыс берушілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында 5 жыл ішінде ЖМЗЖ кезең-кезеңмен енгізу көзделген.
Бұл шара зейнетақысының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – БЖЗҚ-ға өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы-жұмыс берушілер жарналары есебінен.
Шартты-жинақтаушы құрамдауыш жинақтаушы (аударымдар кезеңі және олардың жиынтық көлемі тіркеледі) және ынтымақты (түскен қаражат 1975 жылдан кейін туған және зейнеткерлік жасқа жеткен жүйеге қатысушыларға зейнетақы төлеуге бағытталатын болады) зейнетақы жүйелерінің артықшылықтарын қамтиды.
Поэтапное введение обязательных пенсионных взносов работодателей.
Проектом Социального кодекса РК предусмотрен новый пакет мер по повышению эффективности пенсионной системы. Одна из них – поэтапное введение обязательных пенсионных взносов работодателей (далее – ОПВР) в период с 2023 по 2027 годы. Это позволит гражданам, вышедшим на заслуженный отдых, выплачивать дополнительную пенсионную выплату из накопительной системы.
На сегодняшний день в Казахстане сформирована многоуровневая пенсионная система, включающая в себя базовую и солидарную пенсии, а также пенсионную выплату из ЕНПФ (формируется за счет пенсионных накоплений работника).
Как известно, солидарная часть пенсии ежегодно уменьшается, так как при ее назначении учитывается трудовой стаж, выработанный только до 1 января 1998 года, то есть до введения накопительной системы. При этом 10% взносов самого работника в ЕНПФ недостаточно для обеспечения адекватного размера пенсии.
Стоит отметить, что в мировой практике значительная роль в пенсионном обеспечении отведена работодателю. К примеру, в Малайзии из 23% доходов работника работодатели вносят в пенсионный фонд 12%, работник – 11%; в Австралии 9,5% платит только работодатель; в Беларуси – 29%, из них работодатель – 28%; в Германии – 18,6%, из них работодатель – 9,3%.
Введение ОПВР в Казахстане позволит распределить ответственность за пенсионное обеспечение населения между государством, работодателем и работником, а также будет способствовать обеспечению замещения утраченного дохода адекватными пенсионными выплатами.
Учитывая интересы субъектов предпринимательства, в целях снижения нагрузки на работодателей в постковидный период, в проекте Социального кодекса РК предусматривается поэтапное введение ОПВР в течение 5 лет.
Данная мера направлена на поддержание казахстанцев, рожденных после 1975 года, размеры пенсий которых будут напрямую зависеть от их пенсионных отчислений. Их пенсия будет складываться из трех компонентов: базовой пенсии от государства, накопительной – за счет своих отчислений в ЕНПФ и условно-накопительной – за счет взносов работодателей.
Условно-накопительный компонент включает в себя преимущества накопительной (фиксируется период отчислений и их суммарный объем) и солидарной (поступившие средства будут направляться на выплату пенсий участникам системы, рожденным после 1975 года и достигающим пенсионного возраста) пенсионных систем.