ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев депутаттарға «Кәсіптік біліктілік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін таныстырды.
Жоғарыда аталған заң жобаларын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, қызметкерлер, жұмыс берушілер және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі.
Вице-министр сөз басында бұл заң жобаларын қабылдау еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің байланысын нығайтатынын, сондай-ақ жұмыс күшіне қойылатын тез өзгеретін талаптарға жауап беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Технологиялық прогресті жеделдету және экономиканы цифрландыру Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасына жаңа талаптар қояды. Айта кету керек, бұрын білім 10 жыл бойы біліктілікті арттырусыз өзекті болды, бүгінде көптеген мамандықтар бойынша дағдылардың өзектілігі 2 жыл бойы ғана сақталып отыр»,-деді Олжас Ордабаев.
Вице-министрдің айтуынша, Ұлттық біліктілік жүйесі (бұдан әрі-ҰБЖ) келесі сұрақтарға жауап береді: заманауи мамандар нені білуі және меңгеруі тиіс? Бұл үшін оларды не және қалай оқыту керек? Олардың кәсіптік біліктілігін қалай тануға болады?
«Бұл сұрақтарға жауаптар Ұлттық кәсіптер сыныптауышы, Ұлттық біліктілік шеңбері және оның негізінде әзірленген салалық біліктілік шеңберлері мен кәсітік стандарттар сияқты құралдардың көмегімен қалыптастырылатын болады», - деп түсіндірді ол.
Бүгінгі таңда 623 кәсіптік стандарт жұмыс істейді, олар 2689 мамандықты қамтиды. Оларда белгіленген талаптар негізінде білім беру ұйымдары білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Осылайша, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі.
Заң жобасының маңызды жаңалығы-өз бетінше игерілген дағдыларды, сондай-ақ бейресми және информалдық білім беру нәтижелерін тану.
«Азаматтар тиісті орталықтарда кәсіптік біліктілігінің бар екенін растайтын құжатты ала алады және егер бұл кәсіптік стандартта көзделген болса, бұл құжатты жұмысқа орналасу кезінде білім туралы дипломмен тең пайдалана алады», - деп атап өтті спикер.
О. Ордабаев заң жобасы біліктілікті тану орталықтарын дамытуға серпін беретінін және қызметкерлерді өмір бойы құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандыратынын айтты.
Сондай-ақ, заң жобасында кәсіптік біліктіліктерді тану жүргізілетін кәсіптер тізбесін қалыптастыру көзделеді. Осы тізілімді жүргізуді ЕХӘҚМ ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында жүзеге асыру жоспарлануда, ал тізілімге енгізу үшін ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен салалық кеңестер енгізетін болады.
«Дәрігерлер, қаржы аудиторлары және басқалары сияқты реттелетін мамандықтар бойынша кәсіби қызметті сертификатсыз жүзеге асыру мүмкіндігі шектелетінін атап өткен жөн. Басқа мамандықтар бойынша түлектер мен қызметкерлер жұмыс берушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие болу үшін өз біліктіліктерін өз еркімен растай алады», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.
Заң жобасы қызметкерлер мен жұмыс берушілерді кәсітік біліктілікті тану жүйесіне енуді ынталандыру бойынша бірқатар шараларды қарастырады, мысалы, бұл қызметкерлер үшін түрлі кепілдіктер мен жеңілдіктерді енгізу немесе біліктілікті танудың ваучерлік-модульдік жүйесі.
«Заң жобаларын қабылдау азаматтарды біліктілік деңгейін арттыруға және дағдылар мен құзыреттерді дамытуға ынталандыруға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілер қызметкерлердің кәсіби жарамдылығын нақты тәуелсіз бағалауды көре алады, өз ұйымындағы еңбек өнімділігін арттырады және білікті мамандарды ала алады, ал қызметкерлер мен жұмыс іздеушілер өз дағдыларына сәйкес келетін лауазымдарды тезірек тауып, табысын арттыра алады», – деп түйіндеді өз сөзін вице-министр.
Сонымен қатар, ҰБЖ басқарудың үш деңгейлі моделі жасалды:
Бірінші деңгей – Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес, ол ҰБЖ стратегиялық басқаруына жауап беретін шешімдер қабылдаудың бірыңғай орталығына айналады.
Екінші деңгей-мемлекеттік органдар жанындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестер. Олар өз саласын кәсіби білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жауап бере отырып, салалық біліктілік жүйелерін орнатуда жетекші рөл атқаратын болады.
Үшінші деңгейде Кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органды құру көзделеді, оның құзыретіне ҰБЖ бойынша әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету жөніндегі функциялар кіретін болады.
О профессиональной квалификации
В Мажилисе Парламента РК вице-министр труда и социальной защиты населения РК Олжас Ордабаев презентовал депутатам основные положения законопроектов «О профессиональных квалификациях» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам профессиональных квалификаций».
Вышеуказанные проекты законов были разработаны Министерством труда и социальной защиты населения РК совместно с заинтересованными государственными органами, представителями работников, работодателей и бизнеса.
В начале своего выступления вице-министр отметил, что принятие этих законопроектов укрепит связь рынка труда и системы образования, а также позволит отвечать на быстро меняющиеся требования к рабочей силе.
«Ускорение технологического прогресса и цифровизация экономики предъявляют новые требования к качеству трудовых ресурсов в Казахстане. Следует отметить, что ранее знания были актуальными порядка 10 лет без повышения квалификации, сегодня актуальность навыков по многим специальностям сохраняется только в течение 2-х лет», – сказал Олжас Ордабаев.
По словам вице-министра, Национальная система квалификаций даст ответы на следующие вопросы: Что должны знать и уметь современные специалисты? Чему и как их для этого учить? Как признавать их профессиональную квалификацию?
«Ответы на данные вопросы будут формироваться с помощью таких инструментов, как Национальный классификатор занятий, Национальная рамка квалификаций и разработанные на ее основе отраслевые рамки квалификаций и профстандарты», – пояснил он.
На сегодняшний день действует 623 профстандарта, которые охватывают 2689 профессий. На основе обозначенных в них требований, организациями образования разрабатываются образовательные программы. Таким образом, обеспечивается подготовка кадров соответствующих требованиям работодателей.
Важной новеллой законопроекта является признание самостоятельно освоенных навыков, а также результатов неформального и информального образования.
«Граждане смогут получить документ, подтверждающий наличие профквалификации в соответствующих центрах, и использовать этот документ при трудоустройстве наравне с дипломом об образовании, если это предусмотрено профстандартом», - отметил спикер.
Ордабаев добавил, что проект закона даст импульс к развитию центров признания квалификаций и будет стимулировать работников совершенствовать компетенции на протяжении всей жизни.
Также законопроектом предусматривается формирование перечня профессий, по которым будет вестись признание профессиональных квалификаций. Ведение данного реестра планируется осуществлять на цифровой платформе Национальной системы квалификаций МТСЗН, а предложения для включения в реестр будут вноситься госорганами и отраслевыми советами.
«Необходимо отметить, что по регулируемым профессиям, таким как врачи, финансовые аудиторы и другие, возможность осуществлять профессиональную деятельность без сертификата будет ограничена. По иным профессиям выпускники и работники могут добровольно подтвердить свою квалификацию для большей востребованности со стороны работодателей», – подчеркнул Олжас Ордабаев.
Проект закона предусматривает ряд мер по стимулированию работников и работодателей для вхождения в систему признания профквалификаций, таких как внедрение различных гарантий и льгот для работников или ваучерно-модульной системы признания квалификаций.
«Принятие законопроектов позволит стимулировать граждан к повышению уровня квалификаций и развитию навыков и компетенций. Работодатели смогут увидеть реальную независимую оценку профпригодности работников, повысить производительность труда в своей организации и получить квалифицированных специалистов, а работники и соискатели смогут быстрее найти соответствующие своим навыкам должности и увеличить свой заработок», – заключил вице-министр.
Помимо этого закладывается трехуровневая модель управления НСК:
Первый уровень – Национальный совет по профессиональным квалификациям, который станет единым центром принятия решений, отвечающим за стратегическое управление НСК.
Второй уровень – отраслевые советы по профессиональным квалификациям при государственных органах. Они будут осуществлять ведущую роль в становлении отраслевых систем квалификаций, отвечая за обеспечение своей отрасли профессиональными квалифицированными кадрами.
На третьем уровне предполагается создание Национального органа по профессиональным квалификациям, в компетенцию которого будут входить функции по оказанию методической и экспертной поддержки по НСК.
По материалам МТСЗН РК