Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді.
Бұл мереке – көп этносты Қазақстанның өміріндегі айтулы оқиға, бостандық пен біздің мемлекетіміздің қуаттылығының символы.
Өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындырды, Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды.
Мемлекеттің дамуына кәсіподақтар да өздерінің сүбелі үлестерін қосуда. Әлеу-меттік салада бағдарламалар жоспарлы жүзеге асырылуда. Еліміздің гүлденуі мен дамуына қосатын біздіңүлесіміз қомақты бола түсетініне сенімдімін.
Еліміздің дамуы үшін маңызды шешімдердің жүзеге асырылуы – Еңбек адамдарының ерен еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамының денсаулығы мен сапалы білімі, біліктілігі мен тәжірибесі – елiмiздiң баға жетпес негізгі байлығы.
Бүгін — тарихы мен тағдыры ортақ халыққа айналдық. Татулық пен бірліктің нәтижесінде өркениет биігіне бірте-бірте қадам жасап келеміз.
Сіздерді осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, игілік, ашық аспан, әр үйге бейбітшілік тілеймін!
«Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы
Қ.Қ. Қаратаев