Еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің қорытындысы шықты. Биылғы жылы түрлі номинацияларға қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 522 өтінім берілген болатын.
Аймақтық комиссиялар номинанттарды үш санат бойынша таңдады:
- «Үздік еңбек әулеті», 163 өтінім;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», 179 өтінім;
- «Өндірістің үздік жас маманы», 180 өтінім берілді.
Конкурстың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша жоғарыда аталған номинациялардың әрқайсысында 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан жеңімпаздар анықталды.
Конкурс лауреаттарын жақын арада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы республикалық комиссия айқындайды, оның құрамына ведомство өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, әлеуметтік әріптестер, «Атамекен» ҰКП және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кіреді.
«Еңбек жолы» - 2022 байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу биылғы жылғы қараша айының соңына жоспарланған.
Подведены итоги регионального этапа конкурса «Еңбек жолы» - 2022
Подведены итоги регионального этапа ежегодного республиканского конкурса «Еңбек жолы» среди трудовых династий и работников производства. В этом году для участия в различных номинациях подали 522 заявки со всего Казахстана.
Региональные комиссии выбирали номинантов по трем категориям:
- «Лучшая трудовая династия», подано 163 заявки;
- «Лучший наставник работающей молодежи», подано 179 заявок;
- «Лучший молодой работник производства», подано 180 заявок.
По итогам регионального этапа конкурса от 17 областей и 3 городов республиканского значения определены победители в каждой из вышеперечисленных номинаций.
Лауреатов конкурса в ближайшее время определит республиканская комиссия при Министерстве труда и социальной защиты населения РК, в состав которой войдут представители ведомства, депутаты Парламента РК, социальные партнеры, представители НПП «Атамекен» и РГУ «Қоғамдық келісім» Министерства информации и общественного развития РК.
Торжественную церемонию награждения победителей конкурса «Еңбек жолы»-2022 планируется провести в конце ноября т.г.