Алматы қалалық "Ұстаз" жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен Алматы қаласының білім беру ұйымдарының педагогтары арасында "Өнерлі өрге жүзеді" атты музыкалық байқаудың қалалық кезеңі болып өтті.

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол-мектептің де, қоғамның да,ғылымның да,білімнің де,ұлттың да,адамгершілік пен ерліктің де,жақсы мінез бен ақындықтың дана нағыз жанды өкілі. ОЛ-ӘРІ ҒАЛЫМ,ӘРІ ШЕШЕН,ӘРІ КӨШБАСШЫ. Ұстаз-білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жузеге асырушы.Бір сөзбен айтсақ,мұғалім- мемлекет өкілі.Ол өзінің ісімен де,сөзімен де,жүріс-тұрыс мәдениетімен де,мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз мемлекетіміздің эталондық бейнесі болып табылады. Ұстаздарымыз сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар жан-жақты, шығармашыл тұлға болып табылады. Сондықтан да, түрлі пән мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларына қолдау көрсету,кәсіби өсуіне қолқабыс жасау, шығармашыл,талантты тұлғаны саралау,өзара тәжірибе алмасу байқаудың басты мақсаты.

Байқау 5 номинация бойынша өтті: "Хор", "Вокалдық жанр", "Би жанры", "Көркем сөз" және "Аспаптық жанр".

Жоғары білікті мамандардан құралған қазылар алқасы барлық номинациялар бойынша өз бағаларын бірден тікелей экранға шығарып отырды. Бұл шынайылық пен бағалаудың тазалығын қамтамасыз етті. Байқауға 300-ден астам педагог қатысты. Байқау - нәтижесінде барлық 5 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйақы берілді.

Алматы қалалық "Ұстаз" жергілікті кәсіптік одағы.

28 11 2022 04