Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Е.Р.Әмірғалиевтің төрағалығымен бейнеконференцбайланыс арқылы «Электрондық еңбек шарттарын есепке алу, өндірістік жарақаттану және ұжымдық шарттар туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Қаладағы ахуал туралы «ЕРДО» АҚ-ның бас сарапшысы – Ерболат Дінмұхаммедұлы Исламов баяндама жасады.
Алматы қаласының еңбек инспекциясы басқармасы республиканың еңбек заңнамасы саласындағы бұзушылықтардың, сондай-ақ ықтимал еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдеріне ұжымдық шарттардың тиісті мазмұнына байланысты қызметті деформализациялау, ұжымдық шарттарға қызметкерлердің жалақысын индекстеу туралы нормаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген кепілдіктерден тыс қызметкерлердің жағдайын жақсарту жөніндегі басқа нормаларды енгізу туралы ұсыныстарды берді.
Семинарға кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері, қала кәсіпорындарының кадр қызметтерінің өкілдері және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекторы С.А. Дусмамбетова