ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын депутаттарға таныстырды. ЕХӘҚМ басшысы құжаттың 5 новелласы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті, оның бірі халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдеріне қатысты.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, ұсынылған жаңа тәсілдер ең алдымен: икемді жұмыспен қамтудың жаңа формаларының пайда болуына және оларды реттейтін заңнамалық базаның әлі қалыптаса қоймауына; жұмыс орындарының тиісті саны мен сапасын талап ететін жас жұмыс күші ағынының айтарлықтай артуына; өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне әлі де болса толық қатыспай отырғанына байланысты болып отыр.
Аталған проблемаларды шешу үшін Әлеуметтік кодекс жобасында 3 бағыт көзделген.
Біріншісі – еңбек нарығын либерализациялау (ырықтандыру). Бұл икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмысты тануды білдіреді.
Осы мақсатта «тәуелсіз жұмыскер» – яғни табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға ұғымы енгізілген болатын.
«Осындай жұмыскерлер қызметтерін онлайн платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, Яндекс такси онлайн платформасына қосылған такси жүргізушілері, Glovo онлайн платформасына қосылған курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына жатады.
Бұл жұмыскерлер үшін онлайн платформалардың операторларын салық агенттері ретінде анықтап, арнаулы салық режимдеріне сәйкес жұмыскерлердің пайдасына салық төлемдері мен әлеуметтік жарналарды аударып отыратын болады. Бұл жағдайда тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қорлардан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады», - деп хабарлады министр.
ЕХӘҚМ басшысының хабарлауынша, егер «Тәуелсіз жұмысшылар» үшін тиісті аударымдар болмаған жағдайда оларға заңдарда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі.
Екіншісі – жұмыс күшінің дағдыларын арттыру.
«Бүгінгі таңда дипломның болуы біліктілік деңгейінің көрсеткіші емес екенін мойындауымыз керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көбісі нақты жұмыс өтілінің болуын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болуда.
Осыған байланысты, ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын
«Кәсіптік біліктілік туралы» заңның жобасы әзірленді. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына, яғни кәсіптік стандарттарына сәйкес әзірленетін болады», - деді Тамара Дүйсенова.
Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізілетінін министр атап өтті. Сертификат практикада қажет болатын білімі, еңбек дағдысы мен біліктілігін бағаланып барып беріледі. Сертификаттар тек формалды ғана емес, сонымен қатар формалды емес және информалды білімі бар адамдарға да беріледі.
Үшіншісі – жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтарын қалыптастыру.
«Бүгінгі күні азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру процесстері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге асуда. Осыған байланысты, Кодекс жобасында қазіргі жұмыспен қамту орталықтарын аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін мобильді орталықтарға трансформациялау көзделуде», - деп қорытындылады министр.
Т. Дуйсенова рассказала мажилисменам о новых подходах в сфере занятости населения
Министр труда и социальной защиты населения РК Тамара Дуйсенова на правительственном часе в Мажилисе Парламента РК презентовала депутатам проект Социального кодекса РК. Глава МТСЗН подробно рассказала о 5 новеллах документа, одна из которых предусматривает внедрение новых подходов в сфере обеспечения занятости населения.
По словам Тамары Дуйсеновой, предлагаемые новые подходы связаны: с появлением новых форм гибкой занятости и недостаточной законодательной базой для ее регулирования; значительным притоком молодой рабочей силы, требующей соответствующего количества и качества рабочих мест; с наличием самозанятого населения, неохваченного социальным обеспечением.
В целях разрешения обозначенных проблем в проекте Социального кодекса предусмотрены 3 направления.
Первое – либерализация рынка труда. Это означает признание всех форм гибкой занятости, включая платформенную занятость.
В этих целях уже введено понятие «независимого работника» – лица, занимающегося трудовой деятельностью, приносящей ему доход, но не имеющего официальной государственной регистрации в соответствующих уполномоченных органах.
«Деятельность таких работников будет признаваться формальной занятостью в случае присоединения их к оферте онлайн-платформ или заключении публичного договора. К примеру, к категории таких работников будут отнесены таксисты, присоединившиеся к онлайн-платформе Яндекс такси, курьеры, присоединившиеся к онлайн-платформе Glovo.
Для них предлагается определить налоговыми агентами операторов онлайн-платформ, которые будут обеспечивать уплату обязательных налоговых платежей и социальных отчислений в соответствии с внедряемым специальным налоговым режимом. В этом случае данная категория занятых, как и наемные работники, будут получать социальные выплаты из республиканского бюджета, государственных социальных фондов и из страховых компаний», – проинформировала министр.
Глава МТСЗН подчеркнула, что в случае отсутствия соответствующих отчислений «независимым работникам» будут представлены лишь минимальные государственные гарантии, установленные законодательством.
Второе – повышение навыков рабочей силы.
«Следует признать, что сегодня наличие диплома не является подтверждением уровня квалификации. Поэтому при приеме на работу большая часть работодателей выдвигают требование о наличии опыта. Это становится препятствием при трудоустройстве молодежи.
В связи с этим разработан проект закона «О профессиональных квалификациях», который свяжет систему образования с требованиями работодателей через развитие Национальной системы квалификаций. То есть образовательные программы будут разработаны в соответствии с техническими заданиями работодателей или так называемыми профстандартами», – сказала Тамара Дуйсенова.
Министр добавила, что будет внедрена система сертификации. Сертификаты будут выдаваться после оценки знаний, трудовых навыков и квалификации, которые необходимы на практике. При этом получить их смогут как обладатели формального, так и неформального и информального образования.
Третье направление – формирование цифровых центров занятости.
«На сегодняшний день процесс поиска работы, регистрации в качестве безработного, подачи заявления на назначение соцвыплат по потере работы из ГФСС полностью оцифрованы и реализуются через Электронную биржу труда.
В связи с этим в проекте Соцкодекса предусматривается трансформация центров занятости в мобильные центры, которые будут координировать все инициативы и программы по развитию региональных рынков труда с учетом специфики областей», – резюмировала министр.
По материалам МТСЗН