Алматы облысының білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымын оқырмандарымыз жақсы біледі. Бұл кәсіподақтың шығармашылығы туралы материалдар журналымыздың беттерінде үнемі шығып тұрады. Алматы облысы білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Асан Омашев мырза. Білікті кәсіби маман, кәсіподақ жетекшісі. Ол көп жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі кәсіподақ жетекшісі талай жастарға үлгі-өнеге болып келеді. Ол өзі еңбек жолын қатардағы ұстаз болып бастаған. Математика және физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, әріптестері арасында үлкен құрметке, беделге ие болған. Одан кейін мектеп директоры болып, 2005 жылдан бастап өмірін кәсіподақ қызметімен байланыстырды. Он жыл бойы Еңбекшіқазақ өңіріндегі «Қамқор» кәсіподақ ұйымының төрағасы болды. 2015-2018 жылдары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» Алматы облыстық ұйымын басқарды. 2018 жылдан бастап «Алматы облысы білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы. Жалпы, Асан Жұмаханұлы бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымдарының алдында тұрған мәселелерді жақсы біледі деп сеніммен айтуға болады. Біз төрағамен кездесіп, бірнеше сұрақтарға жауап беруін өтіндік.
- Асан Жұмаханұлы сіз басқарып отырған кәсіподақ ұйымының жұмысына тоқталып өтсеңіз?
- Біз ең алдымен кәсіподақ мүшелерінің мұң-мұқтажын, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен құқықтарын, қызметтік өсімімен мүдделерін үнемі ойлаймыз. Бүгінде біздің кәсіподақ ұйымы 30 мыңнан астам мүшені біріктіріп отыр. Бұл негізінен оқытушылар, сонымен қатар техникалық қызметкерлер, лаборанттар және тағы басқа да қызметкерлер. Біз әрқашан кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ жарналарының қандай мақсатқа жұмсалатыны туралы нақты түсінігі болуын қамтамасыз етуге тырыстық. Сондықтан кәсіподақ жарналарының негізгі бөлігі бірқатар маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан жергілікті кәсіподақтарда қалады. Біріншіден, біздің ұйымдар еңбек ұжымдары мүшелерінің демалысын ұйымдастыруға және олардың денсаулығын жақсартуға баса назар аударады. Біздің кәсіподақ ұйымдары емдеу-сауықтыру шипажайларға емделуге қаржылай көмек көрсетіп, пансионаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар алуға көмектеседі. Сондай-ақ балалардың демалысын ұйымдастыруға делдалдық жасап, қызметкерлерді медициналық тексеруден өтуін қадағалайды. Екіншіден, біздің ұйымдар кәсіподақ мүшелеріне, ардагерлерге, жас мамандарға қолдау көрсетеді. Бүгінгі күні кәсіподақ жұмысына материалдық көмек көрсету мәселелері бұрынғыдай маңызды емес деген пікірмен мүлде келіспеймін. Қарапайым жұмысшы үшін материалдық көмек көрсету кәсіподақ ұйымының жақсы жұмысының дәлелі. Сондықтан біздің ұйымдар қиын жағдайда кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетіп, ардагерлерімізге де қамқорлық көрсетуді алдына мақсат етіп қойған. Біздің кәсіподақ ұйымдары педагогикалық еңбек ардагерлерінің кеңестерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сонымен қатар, жас мамандар кеңестерінің жұмысына да жәрдем береді. Сонымен бірге кәсіподақ ұйымы өзінің тіркеу санатында тұрған мүшелердің барлығын айтулы мерекелерімен құттықтауды ұмыт қалдырған емес. Үшіншіден, бұқаралық мәдени-спорттық шараларды өткізу күн тәртібінен түскен жоқ. Біздің ұйым экскурсиялар мен туристік саяхаттарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Кәсіподақшылар демалыс орындарында жақсы демалып, спортпен айналысуды жақсы көреді. Сондай-ақ біздің кәсіподақ ұйымдары корпоративтік мерекелер, байқаулар, көңілді кештер, фестивальдар өткізуді үрдіске айналдырған. Біз өз тарапымыздан аудандық, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетіп, кәсіподақ белсенділерін оқытуға белсене араласып, кәсіби мамандар даярлауда тәжірибе жинақтадық. Бастауыш ұйымдарындағы төрағаларымыздың барлығы кәсіптік оқудан өтеді. Біз тәжірибені іс жүзінде қолданумен және оны таратумен айналысамыз. Кездесулер мен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мәселен, 2022 жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Алматы қаласында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған «Мықты кәсіподақтар – әділ қоғам» тақырыбында семинар болып өтті. Бұл әлгі сөзіміздің бір дәлелі деп қабылдаңыз. Кәсіподақ мүшелерінің мүддесін көздейтін үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз және кәсіподақ белсенділерін көтермелеп келеміз. Кәсіподақ белсенділерін педагогикалық қызмет пен еңбек заңнамасының құқтарын қорғай отырып, өзекті мәселелерін уақытылы шешуге тырысамыз. Жалпы, біз барлық салада белсенді жұмыс істеп жатырмыз деп айта аламын.
- Асан Жұмаханұлы, біздің білуімізше, сіздер ұжымдық шарттарды, аудандық келісімдерді, әлеуметтік әріптестік туралы, салалық келісімді жасасу бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр екенсіздер, бұл қаншалықты шындыққа жанасады?
- Бұл шынымен солай. Біздің кәсіподақ құрамына кіретін кәсіподақ комитеттерінің төрағаларының саны-380 адамды құрайды. Ал, біз жасаған ұжымдық шарттардың саны–380. Бұл ұжымдық шарт біздің кәсіподақ белсенділері өздері барып, әрбір мекемеге кіріп, жеткешілерімен кеңесе отырып жасалған уағдаластық. Оның үстіне барлық жерде өндірістік кеңестер мен келісім комиссиялары бар. Менің ойымша, бұл факт жергілікті жерде әлеуметтік диалогты дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатқанымыздың жақсы көрінісі деп білемін. Біз әлеуметтік әріптестікке қатысты барлық құжаттарға пайдалы өзгерістер мен толымды толықтырулар енгізу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаландық. Атап айтқанда, біз Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен, Әлеуметтік әріптестік туралы, Салалық келісім жобасын талқылауға өте белсенді түрде кірістік. Біз бірнеше толықтырулар ұсындық, бұл біздің ойымызша, бірқатар баптарды нақтылауы керек. Сонымен, «Әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылар мен жеңілдіктер» 5-бөлімінің 3-тармақшасының 5.6-тармағында бірқатар жағдайларда кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек бөлу туралы сөз болып отыр. Соның ішінде нақты мерейтойларды өткізу құрметіне бағышталған. Бірақ бұл күндердің өзі нақты жазылмаған, бұл осы тармақты еркін түсіндіруге мүмкіндік берді. Біз мұндай материалдық көмекті кәсіподақ мүшелеріне 50, 55, 60 жастан бастап беруді ұсындық. 4.5-тармақтарда. және 4.6. «Салалық еңбекақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары» 4-бөлімінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы ақылы негізгі еңбек демалысы берілетіні көрсетілген. Дегенмен, бюджет есебінен ұсталатын қаражат көздеріне келсек, қызметкерлердің барлығы мемлекеттік қызметші емес екенін ескеру керек. Сондықтан осы санаттағы қызметкерлердің демалыс ақысын келесідей түсініктемелерді қосу арқылы нақтылауды ұсындық, ұжымдық шартқа енгіздік». Бұл жеке меншік құқығына негізделген ұйымдар қызметкерлерінің басқа санаттарына да қатысты. «Алматы облысының білім басқармасы» ММ мен «Алматы облысының білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімді де назардан тыс қалдырған жоқпыз. Жалпы, біз мұндай жобаларды талқылауға барлық деңгейде формализмсіз келуге тырысамыз. Көтерілген мәселелерге заңгерлеріміздің белсенді қатысуы, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етіп келеді. Бұл бағытта барлық аудандарда белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алматы облысы білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының заңгері Қайратбек Асылханов пен Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалының заң кеңесшісі Анар Күленованы ерекше атап өткім келеді.
- Сізге қарасты кәсіподақ филиалдарының төрағалары Кәсіподақтар федерациясы тарапынан кәсіптік одақтардың жұмыстарына араласуы, қысым көрсету туралы жиі шағымданғаны есімде. Бүгінгі жағдай қандай?
- Біздің кәсіподақ ҚРКФ құрамына кіретін білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымымен қарым-қатынаста екенін білесіздер. Кезінде біз өзіміз де осы кәсіподақтың мүшесі болдық. Бірақ, шынымды айтсам, бізге ұнамайтын тұстары көп болды. Бұл, ең алдымен, қаражатты бөлуге қатысты. Қаражат мәселесі тым көп көтерілді, біздің ойымызша, оның барлығы кәсіподақ мүшелерінің мүддесіне жұмсалған жоқ. Жағдай түзелмегесін, біз одақтан шықтық. Содан болса керек, қызметтік жұмыстармызға араласу, қысым көрсету басталды. Алғашында мектеп директорлары мен аудандық білім бөлімдерінің басшыларына қысым көрсету арқылы фантастикалық дәлелдер қолданылды. Оларға ҚРКФ құрамына кіретін кәсіподақтар «мемлекеттік» кәсіподақтар, ал біздің кәсіподақ «жекеменшік» болып табылады деген түсінік берілді. Әрине, олар мұндай уәждерден тез бас тартуға мәжбүр болды. Өйткені, біз бүгінде мемлекеттік кәсіподақтардың жоқтығы және болуы мүмкін еместігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Барлығы еңбек заңнамасы аясында жұмыс істейді. Ал, құқықтық салада бірде-бір кәсіподақ ұйымы жекеменшік бола алмайды, бұл заңға қайшы. Содан кейін ҚРКФ құрамына кіретін кәсіподақтар бізден не күтетіні белгісіз, түсініксіз әрекет амалдар жасап, түрлі уәж айта бастады. Бірақ бұл «аргумент» тез күшін жоғалтты, өйткені бізді жергілікті жұрт жақсы біледі. Атап айтқанда, біз өзімізді тек қана еңбек заңнамасы аясында жұмыс істейтін сенімді әлеуметтік серіктестер ретінде жергілікті тұрғындарға жақсы танылдық. Жалпы, бүгінде қарсыластарымыз қарап жатпай, мектеп әкімшілігі мен білім бөлімдерін белгісіз бағыттарға бұрмалауға көшкен сыңайлы. Өздерінің одақтарын кеңірек насихаттап, ғажайып мүмкіндіктерге сендіргісі келеді. Біз, әрине, мүмкіндігінше өзіміздің жұмысымызға араласуға жол бермейміз. Біздің барлық филиал төрағалары мен кәсіподақ комитеттерінің төрағалары кәсіподақ жұмысын жақсы білетін және түсінетін, өз ұйымдарының алдында тұрған барлық мәселелерді шешетін тәжірибелі, білікті мамандар деп сенімді түрде айта аламын.
- Белсенділік және көшбасшылық қасиеттер туралы айтып қалдыңыз, осы тұрғыда бір сұрақ қоюдың реті кеп тұр. Асан Жұмаханұлы, сіздің құрамыңызға кірген «Ұлағат» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының келешегі мен бүгінін қалай бағалайсыз?
- Біз бұл ұйымнан үлкен үміт күтеміз. Өкінішке орай, ҚРКФ білім беру қызметкерлерінің барлық кәсіподақтарын біріктіретін және олардың мүдделерін жоғары деңгейде, атап айтқанда Министрлікпен Салалық келісімге қол қою кезінде білдіретін салалық кәсіподақ болған жоқ. Бұрынғы бірігу әрекеттерінің бәрі сәттілікке әкелмеді. Және өзіңіз байқағаныңыздай, бұл көшбасшылық қасиеттермен де тікелей байланысты болды. Ал, бүгін бізде нақты мүмкіндіктер бар. Мұны «Ұлағат» білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподағы филиалының төрайымы Оралбаева Лида Шайғазықызының өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуі, өзге ұйымдарға сабақ болса керек. Мен Лида Шайғазықызын бұрыннан білемін және ол нағыз кәсіби маман деп айта аламын. Ол келеңсіз кедергілерге мұқият назар аударумен және сонымен бірге кез келген түйткілді мәселелерге нүкте қоя біледі. Оның басшылығымен кәсіподақтар бірлестігіміз жоғары деңгейде танылатынына сенімдімін. Осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан Еңбек Конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Мәшкенов туралы бірер сөз айтқым келеді. Оны бәріміз еңбек құқығы саласындағы білікті маман ретінде білеміз. Ал, мен оның жеке адами қасиеттерін де тілге тиек етсем бе деймін. Неге? Өйткені ол, әрбір адаммен тіл табысып, ортақ мәселелерді оңтайлы шешуге тырысады. Бұл адами құндылық деп бағалаймын. Мұрат Рахматуллаұлы Конфедерация мүддесін республикалық және халықаралық деңгейде көрсету міндетін абыроймен атқарып келе жатыр. Ол бізбен кеңесуден ешқашанда бас тартқан емес, қойған сұрақтарымызға жауап бермеген кездерін көрмедім. Мұндай қарым-қатынас көп нәрсені айтады. Еңбек Конфедерациясына кәсіподақ жұмысын түсінетін және сүйетін, барлық деңгейде еңбек адамының мүддесін қорғауға дайын тұратын шынайы маман керек, бұл оңай шаруа емес. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермейді. Мұрат Рахматуллаұлы көпшіліктің көңілінен шыққан, еңбекші қауымның ыстық ықыласына бөленген тұлға. Алдағы уақытта да бірігіп жұмыс жасаймыз деп сенім білдіремін.
Локальный профессиональный союз работников образовательных организаций Алматинской области хорошо известен нашим читателям. Материалы о его работе регулярно появляются на страницах нашего журнала. Возглавляет профсоюз Асан Омашев. Это – опытный профсоюзный лидер с большим стажем работы. Он сам начинал трудовую деятельность рядовым педагогом. Работал преподавателем математики и физики. Потом был директором школы, а с 2005 года связал свою жизнь с профсоюзной деятельностью. Десять лет Асан Омашев был председателем профсоюза «Камкор» Енбекшиказахского района. С 2015 по 2018 г. он возглавлял Алматинскую областную организацию «Казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки». Наконец, с 2018 года он является председателем профсоюза ОО «Локальный профессиональный союз работников образовательных организаций» Алматинской области. И, можно с уверенностью сказать, что Асан Жумаханович хорошо знаком с проблемами, которые сегодня стоят перед профсоюзными организациями. Мы встретились с ним и попросили ответить не несколько вопросов.
- Асан Жумаханович, расскажите, пожалуйста, о работе вашего профобъединения?
- В первую очередь мы всегда думаем о членах нашего профсоюза и их интересах. Сегодня наш профсоюз объединяет более 30 тысяч членов. В основном это педагоги, а также технический персонал, лаборанты и т.д.
Мы всегда стремились к тому, чтобы у членов нашего профсоюза было четкое понимание того, на что уходят профсоюзные взносы.
Поэтому основная масса профсоюзных взносов остается в первичных организациях, которые проводят активную работу по ряду важных направлений. Во-первых, наши организации уделяют пристальное внимание организации отдыха и оздоровлению членов трудовых коллективов. Наши профорганизации оказывают материальную помощь на санаторно-курортное лечение и помогают с приобретением путевок в пансионаты и дома отдыха. Они также оказывают посредничество в организации детского отдыха и контролируют проведение медицинских осмотров.
Во-вторых, наши организации оказывают поддержку членам профсоюза, ветеранам и молодым работникам. Я категорически не согласен с мнением, что вопросы оказания материальной помощи сегодня в профсоюзной работе уже не так важны, как раньше. Для простого работника оказание материальной помощи является свидетельством хорошей работы профсоюза. Поэтому наши организации оказывают матпомощь членам нашего профсоюза в критических ситуациях, а также заботятся о наших ветеранах. Профкомы на местах плотно работают с советами ветеранов педагогического труда. Кроме того, помогают работе советов молодых специалистов. Наши организации поздравляют членов профсоюза со знаменательными и памятными датами.
В-третьих, мы не оставляем без внимания культурно-массовую и спортивно-массовую работу. Наши членские организации обеспечивают проведение экскурсий и туристических поездок. Они проводят спортивные состязания, корпоративные праздники, конкурсы, смотры, фестивали.
Наконец, мы, со своей стороны, оказываем нашим районным и первичным профорганизациям всестороннюю помощь, активно занимается обучением нашего профактива. Фактически все наши председатели первичек проходят профобучение. Наш профсоюз занимаемся обобщением опыта работы и его распространением. Регулярно проводятся совещания и круглые столы.
Например, с 31 октября по 4 ноября 2022 года в г. Алматы прошел семинар для председателей первичных профсоюзных организаций на тему: “Сильные профсоюзы – справедливое общество”.
Мы проводим агитацию в пользу профсоюзного членства и поощряем особо отличившихся членов нашего профсоюзного актива. Не оставляем без внимания и издательскую деятельность, снабжая наш профактив материалами по самым актуальным вопросам педагогической деятельности и трудового права.
В общем, могу сказать, что ведем активную работу по всем направлениям.
- Асан Жумаханович, насколько нам известно, ваш профсоюз ведет активную работу по заключению коллективных договоров, районных соглашений, а теперь еще и Отраслевого соглашения о Социальном партнерстве?
- Это действительно так. Численность председателей профкомов, входящих в наш профсоюз, составляет 380 человек. И количество заключенных коллективных договоров у нас 380. Это значит, что коллективный договор был заключен в каждой организации, где есть наши профактивисты. Более того, везде есть Производственные советы и Согласительные комиссии. Я думаю, этот факт хорошо демонстрирует то, что мы используем все возможности для развития социального диалога на местах.
Мы всегда стараемся активно использовать все возможности для внесения полезных изменений и дополнений во все документы, касающиеся социального партнерства. В частности, мы очень активно подошли к обсуждению проекта Отраслевого соглашения о Социальном партнерстве с Министерством Просвещения РК. Нами были предложены несколько дополнений, которые, на наш взгляд, должны придать ряду статей более конкретный характер.
Так, в подпункте 3, пункта 5.6, раздела 5 «Социальные гарантии, компенсации и льготы» речь идет о выделении материальной помощи членам профсоюза в ряде случаев. В том числе и в честь наступления конкретных юбилейных дат. Но сами эти даты не были четко прописаны, что оставляло возможность для вольного толкования этого пункта. Мы предложили, чтобы такая материальная помощь выделялась членам профсоюза при достижении 50, 55 и 60 лет.
В пунктах 4.5 и 4.6 раздела 4, «Основные принципы системы оплаты труда отрасли» речь идет о том, что гражданским служащим, содержащимся за счет государственного бюджета, предоставляется основной оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск с выплатой пособия на оздоровление в размере должностного оклада. Однако не все работники, которые содержатся за счет бюджета, являются гражданскими служащими. Поэтому мы предложили конкретизировать оплату отпуска этих категорий работников добавлением следующих уточнений: “Другим категориям работников, содержащимся за счет государственного бюджета, основной оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск предоставляется с выплатой материальной помощи (пособия) на оздоровление в размере должностного оклада при наличии условия в региональном соглашении или коллективном договоре”.
Это же касается и других категорий работников организаций, основанных на праве частной собственности.
Не обошли мы вниманием и Дополнительное соглашение о внесении изменений и дополнений в Соглашение о социальном партнерстве между ГУ «Управление образования Алматинской области» и ОО «Локальный профессиональный союз работников образовательных организаций Алматинской области» на 2021 – 2023 годы.
В общем, мы стараемся подходить к обсуждению таких проектов, причем на всех уровнях, без формализма. Активное участие наших юристов обеспечивает защиту интересов членов нашего профсоюза. Все районы активно работают в этом направлении. Особо хотел бы отметить юриста нашего Локального профессионального союза работников образовательных организаций Алматинской области Кайратбека Асылханова и юрисконсульта Филиала Енбекшиказахского районного комитета Анар Куленову.
- Я помню, что председатели филиалов вашего профсоюза часто жаловались на вмешательство в работу и давление со стороны организаций, входящих в состав Федерации профсоюзов. Какая ситуация сегодня?
- Вы знаете, что у нашего профсоюза достаточно долгая история взаимоотношений с Отраслевым профсоюзом работников образования, который входит в состав ФПРК. Одно время мы и сами были в составе этого профобъединения. Но, скажу откровенно, многое нас не устраивало. В первую очередь это касалось распределения средств. Наверх шло слишком много средств, и, по нашему мнению, не все они расходовались в интересах членов профсоюза. Ситуация так продолжаться не могла, и мы вышли из состава этого профсоюза. Конечно, сразу началось давление. Сначала вообще использовались фантастические аргументы при давлении на директоров школ и руководителей районных отделов образования. Им преподносилось, что профсоюзы, входящие в ФПРК, – это “государственные” профсоюзы, а наш профсоюз является как бы ”частным”. Естественно, от таких аргументов им пришлось быстро отказаться, так как нами была проведена разъяснительная работа по поводу того, что никаких государственных профсоюзов сегодня нет и быть не может. Все работают в рамках трудового законодательства, и в правовом поле ни у одного профсоюза нет отдельных привилегий. Потом использовался аргумент, что профсоюзы, входящие в ФПРК, лояльны власти, а от нас неизвестно чего ожидать. Но и эта “аргументация” быстро потеряла силу, так как на местах нас прекрасно знают. В том числе всем хорошо известно, что мы зарекомендовали себя как надежные социальные партнеры, которые работают исключительно в рамках трудового законодательства.
Сегодня наши оппоненты перешли от кнута к прянику, пытаясь убедить администрацию школ и отделов образования в том, что они располагают более широкими связями и возможностями, чем наш профсоюз. Мы, конечно, при любых обстоятельствах указываем на то, что вмешательство в нашу работу недопустимо. Но у меня есть глубокое убеждение в том, что если мы сами будем профессионально и с отдачей работать на местах и проявлять необходимые лидерские качества, то все эти попытки не увенчаются успехом. Все наши председатели филиалов и председатели профсоюзных комитетов являются людьми опытными и грамотными профессионалами, которые понимают профсоюзную работу и решают все задачи, стоящие перед их организациями.
- Кстати, к вопросу о лидерстве и лидерских качествах. Асан Жумаханович, как вы оцениваете перспективы созданного не так давно Отраслевого профсоюза организаций образования и науки “Ұлағат”, в состав которого вошел и ваш профсоюз?
- Мы возлагаем большие надежды. К сожалению, у нас в отрасли долгое время не было отраслевого профсоюза, который бы объединял все профсоюзы образования, не входящие в состав ФПРК, и представлял бы их интересы на самом высшем уровне, а именно при подписании Отраслевого соглашения с Министерством просвещения. Все предыдущие попытки объединиться не приводили к успеху. И, как вы заметили, не в последнюю очередь это было связано с лидерскими качествами. И вот сегодня у нас есть реальный шанс. Я это связываю с тем, что Председатель Отраслевого профсоюза организаций образования и науки “Ұлағат” Уралбаева Лида Шайгазыкызы является сторонницей системного решения проблем. Я ее знаю уже достаточно давно и могу сказать, что она – настоящий профессионал. Ее отличает пристальное внимание к деталям и одновременно с этим фундаментальный подход к любому возникающему вопросу. Я уверен, что под ее руководством наше профсоюзное объединение получит признание на самом высшем уровне.
Пользуясь случаем, я хотел бы сказать еще пару слов о Генеральном секретаре Казахстанской Конфедерации труда Мурате Машкенове. Все мы знаем его как грамотного специалиста в области трудового права. Но не могу обойти стороной его личные качества. Мы все прекрасно понимаем, что Мурат Рахматуллович является человеком занятым, на которого возложена задача представлять интересы Конфедерации на республиканском и международном уровнях. Но, при этом, я не знаю случая, когда он отказал бы нам в консультации или не ответил на интересующие нас вопросы. Такое отношение к людям говорит о многом. Не удивительно, что в Конфедерации труда объединены люди и организации, которые понимают и любят профсоюзную работу и готовы отстаивать интересы человека труда на всех уровнях.
Беседовали Кайрат АГИБЕРГЕНОВ, Денис ШУБИН