2022 жылғы 8 желтоқсанда Алматы облыс әкімдігінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Облыстық  үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне үш мәселе енгізілді:

  1. Еңбек қатынастарын реттеу туралы (жалақы бойынша берешекті өтеу туралы, міндетті зейнетақы жарналарын төлемеу туралы, ұжымдық шарттарды жасау туралы, жұмыстан босалу меморандум т.б.)
  2. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнендегі комиссиялардың ағымдағы жалдың 3 тоқсанындағы жұмысы туралы.
  3. Облыстық үшжақты келісімге түзетулермен толықтырулар еңгізу туралы.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Алматы облысының әкімдігі, кәсіптік одақтардың бірлестіктері, жұмыс берушілердің бірлестіктері  Келісімнің келесі бөлімдеріне толықтыруларды талқыланды:

1.1. IV бөлім. «Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету: «Кәсіптік одақтардың бірлестіктері» мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) тармақшаларымен толықтырылсын:

3) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету;

4) Қазақстандық мамандарға тең жағдайда артықшылық беру және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;

5) Облыстық бюджетте аз қамтылған отбасылар қатарындағы жастарды ЖОО-на оқуға жіберу, кейіннен оларды ауылдық жерлерде жұмысқа орналастыру үшін қаражаттың бөлінуін қарастыру.

1.2. V бөлім. «Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу: «Кәсіптік одақтардың бірлестіктері» мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), тармақшаларымен толықтырылсын:

5) Келісімдер мен ұжымдық шарттарды қайта жасасу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде жұмыскерлердің жалақысының, қызметкерлердің әлеуметтік жеңілдіктері мен кепілдіктерін келісім мен ұжымдық шарттарды қайта жасасу кезінде болған жағдайлармен салыстырғанда төмендетуге жол бермеу;

6) Мереке, демалыс күндері түнгі уақытта үстеме жұмыс үшін еңбекке ақы төлеуді жұмыс беруші қызметкердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, еңбек заңнамасында немесе ұжымдық шартта белгіленген мөлшерден төмен емес мөлшерде жүргізеді;

7) Ұқсас және бірдей біліктілікке сәйкес келетін жұмыстарды төлеу кезінде шетелдік және жергілікті қызметкерлер арасында еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеуге ықпал ету;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және/немесе ұжымдық шарттарда көзделмеген еңбекке ақы төлеу түрлеріне жол бермеу.

 09 12 2022 03

09 12 2022 04