Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС 2040 жылға дейін Алматы қаласының жаңа Бас жоспарын қоғамдық талқылауды бастады. Бірінші күні стратегиялық құжаттың жобасы сарапшылардың, жұртшылық өкілдерінің және қаланың барлық ауданы әкімдерінің қатысуымен талқыланды.

Қазіргі Бас жоспар 20 жылдан астам уақыт бұрын – 2002 жылы бекітілді және қала қажеттіліктерінің өсуі ескерілмеген. Осы уақыт ішінде қала аумағы екі еседен астам өсті – 33 898 гектардан 70 348 гектарға дейін, Алматы халқының саны 2,1 млн адамға дейін көбейді. Шаһар агломерация орталығына айналды, экономикасы өзгерді. Қаланың екі есе өсуі аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне кері әсерін тигізді.

Бас жоспарға енгізілген түзетулер оны жан-жақты жетілдіре алмады: құжат өзгерістерді ескермеді, өзектілігін жоғалтты және түбегейлі қайта қарауды қажет етті. Сондықтан былтыр Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 2040 жылға дейінгі дамуын ескеріліп, жаңа бас жоспарды жасау қолға алынды.

Жаңа Бас жоспарды әзірлеу «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен» тығыз байланысты. Бас жоспардың басты мақсаты – Алматының барлық аудандарында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру.

Құжатты әзірлеу кезінде мамандар озық цифрлық технологияларды және әлемдік дизайн тәжірибесін (Space Syntax) пайдаланды. Модельдеу құралдары дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын және олардың ұтқырлыққа, жер құнына, адам денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.

Жаңа бас жоспар Алматының даму векторын белгілейді, олар: агломерациямен неғұрлым тиімді байланыстағы үйлесімді мегаполис, қала тұрғындары мен қонақтарының өмірі, жұмысы, бос уақыты үшін тартымды және жайлы орын қалыптастыру, әлемнің жетекші қалаларының тәжірибесі ескеріледі.

Бұл мақсатқа жету үшін Алматыда 5 жаңа полиорталықтарды дамыту жоспарлануда. Қалалық орта Алматының тарихи орталығының үлгісі бойынша – көшелердің тығыздығы мен құрылыс адамның көбеюіне қатысты қалыптасады.

Жоспарлау кезеңінде барлық қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылым қарастырылды. Осының арқасында полиорталықтар өмір сүрудің шағын және жайлы аудандарына, іскерлік және қоғамдық белсенділік орталықтарына айналады, қала тұрғындарының әл-ауқатының өсуі мен «теңесуіне» негіз жасайды. Мәдени және тарихи маңызы сақталатын тарихи орталыққа да назар аударылады, бұл ретте Кеңес кезеңінде салынған шағын аудандарды жаңарту бағдарламасы қолға алынады.

Алматының жаңа Бас жоспарын және полиорталықтардың шеберлік-жоспарларын қабылдау және іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай мыналар көрініс табады:

  • Т-тәрізді қиылыстардың көше байланысын барынша жақсарту;
  • кеңістік интеграциясы мен байланысты көшелер желісі есебінен тұратын аудандар бір-бірінен және тарихи орталықтан оқшауланбайды, бұл қаланың кез келген басқа нүктесіне оңай жетуге мүмкіндік береді.

«Солтүстік – оңтүстік», «шығыс – батыс» бағыттары бойынша көлік байланысының, сонымен қатар, қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың саны мен сапасының артуы қоғамдық көлікте күнделікті күн сайын пайдалануды 1,6 есеге-2,3 млн.дейін өсуіне әкеледі деп күтілуде.

  • кварталдармен бірге көшелердің тығыздығы 5 гектарға дейін болады (10-15 км-2км-ге);
  • құрылыстың экономкалық тиімділігі (120 адам/га);
  • «Есіктен есікке дейін» үздіксіз жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы (2023 жылы әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейін жалпы ұзындығы 25 км20 көшелер бойынша жаяу жүргіншілер кеңістігін қайта жаңарту жоспарлануда);
  • жасыл кеңістіктер байланысының желісі (скверлер, саябақтар, аллеялар, өзен жағалаулары, променадтар);
  • 2040 жылға дейін оқушы орындарының тапшылығын қысқарту, 90-нан астам мектепті пайдалануға беру жоспарлануда;

180 мыңға жуық жұмыс орнын құру(2025 жылға дейін – 65 мың), оның ішінде әлеуметтік салада және өмір сүруді қамтамасыз ету қызметтерінде (дәрігерлер, оқытушылар, полицейлер, өрт сөндірушілер және т.б.) шамамен 30%, 70% – мамандандырылған жұмыс орындары.

Қадамдық қолжетімділікте барлық қажетті қамтамасыз ету қағидатына сәйкес сапалы инженерлік және көлік инфрақұрылымы салынады.

Қазіргі кезде Алматы қаласының Бас жоспарының жобасы 2040 жылға дейін қаланың мемлекеттік органдарымен және коммуналдық қызметтерімен келісілді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен құрылған сараптама комиссиясының қарауына жіберілді. Кейбір бөлімдер бойынша сарапшылардың ескертулері мен жергілікті қорытындысы ескерілді.

Жалпы, қоғамдық талқылаудың бірінші күні сарапшылар мен жұртшылық өкілдері бірқатар ұсыныс пен ескерту айтты, келесі кездесу ертең, 26 қаңтарда өтеді. Үшінші күні – 27 қаңтар күні қаланың барлық сегіз ауданы тұрғындары талқылауға қатысады.

25 01 2023

Акимат города Алматы и ТОО «НИИ «Алматыгенплан» начали общественные обсуждения нового Генерального плана города Алматы до 2040 года. В первый день проект стратегического документа обсудили с участием экспертов, представителей общественности и акимов всех районов города.

Действующий генеральный план был утвержден более 20 лет назад – в 2002 году, и не учитывал рост потребностей города. За это время площадь города выросла более чем вдвое – с 33898 га до 70348 га, население Алматы увеличилось до 2,1 млн человек. Город стал центром агломерации, изменилась его экономика. Двукратное увеличение города негативно отразилось на уровне обеспеченности районов социальной, инженерной, транспортной и прочей инфраструктурой.

Внесенные в генплан корректировки не могли его комплексно усовершенствовать: документ не учитывал изменения, утратил свою актуальность и нуждался в кардинальном пересмотре. Именно поэтому в прошлом году по поручению акима Алматы Ерболата Досаева была начата работа над новым генеральным планом города с установлением временного горизонта его реализации до 2040 года.

Разработка нового Генерального плана тесно связана с «Программой развития города Алматы до 2025 года и среднесрочные перспективы до 2030 года». Основные цели генерального плана – это создание комфортной городской среды и повышение качества жизни во всех районах Алматы.

Во время разработки документа специалисты использовали передовые цифровые технологии и мировой опыт проектирования (Space Syntax). Инструменты моделирования прогнозируют социальные, экономические и экологические последствия развития, и то, как они отражаются на мобильности, стоимости земли и здоровье людей.

Новый генеральный план задает вектор развития Алматы с учетом опыта и практик ведущих городов мира для формирования гармоничного мегаполиса, наиболее эффективно связанного с агломерацией, привлекательного и комфортного места для жизни, работы, досуга горожан и гостей города.

Для достижения этой цели в Алматы планируется развитие 5 новых полицентров. Городская среда в них будет формироваться по образцу исторического центра Алматы – с плотной сеткой улиц и застройкой человеческого масштаба.

На этапе планирования предусмотрена вся необходимая жилая, социальная, инженерная, транспортная, цифровая, коммерческая и рекреационная инфраструктура. Благодаря этому полицентры станут компактными и комфортными районами проживания, центрами деловой и общественной активности, создадут основу для роста и «выравнивания» благосостояния горожан. Внимание будет уделено и историческому центру, культурное и историческое значение которого будет сохранено, при этом, проведена программа ревитализации микрорайонов, построенных в советский период.

В результате принятия и реализации нового Генерального плана Алматы и мастер-планов полицентров город к 2030 году получит:

  • наилучшую связанность улиц с минимальным количеством Т-образных

перекрестков;

  • районы проживания за счет пространственной интегрированности и связанной сети улицне изолируются друг от друга и от исторического центра, что позволит легко перемещаться в любую другую точку города.

Ожидается, что увеличение транспортной связанности по направлениям «север – юг, «восток – запад», а также рост количества и качества выделенных полос для общественного транспорта приведут к увеличению ежедневных поездок на общественном транспорте в 1,6 раз – до 2,3 млн. 

  • плотность улиц с кварталами не более 5 га (10-15 км на км2);
  • экономически эффективную плотность застройки (120 чел/га);
  • беспрерывную пешеходную инфраструктуру «от двери до двери» (в 2023 году планируется реконструкция пешеходного пространства от аэропорта до парка Первого Президента по существующим улицам, общей протяженностью 25 км20);
  • сеть связанных зеленых пространств (скверы, парки, аллеи, набережные рек, променады);
  • сокращение дефицита ученических мест до 2040 года, с планируемым введением в эксплуатацию свыше 90 школ;
  • создание около 180 тысяч рабочих мест (до 2025 года – 65 тысяч), из них оценочно 30% в социальной сфере и службах жизнеобеспечения (медики, преподаватели, полицейские, пожарные и пр.), 70% – специализированные рабочие места.

В соответствии с принципом обеспечения всем необходимым в шаговой доступности будет закладываться качественная инженерная и транспортная инфраструктура.

В настоящее время проект Генерального плана города Алматы до 2040 года прошел процедуру согласования с государственными органами и коммунальными службами города и направлен на рассмотрение экспертной комиссии, созданной приказом Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан. Получены замечания экспертов и локальные заключения по некоторым разделам.

 Всего в первый день общественных обсуждений экспертами и представителями общественности озвучен ряд предложений и замечаний, следующая встреча состоится завтра, 26 января. В третий день – 27 января – планируется провести обсуждения с участием жителей всех восьми районов города.

По материалам Пресс-центра Акимата г.Алматы