2023 жыл ақпан айының алғашқы жұлдызында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері арасында «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ және «Alataý jastary» ЖҰ жастар кеңесімен ұйымдастырылған «TOP Brain» интеллектуалды ойыны өткізілді.

Жастар «TOP Brain» интеллектуалды ойынында өз білімімен белсенділігін ерекше танытып, табандылық пен жеңіске деген жігер танытты. Ойын жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және сертификаттармен марапатталды.

1 орын – МАРС: Әбіш Әділет, Омарбекова Алтынай, Жылгельдина Карлыгаш, Байгельдиева Данна, Ибрагимова Малика;

2 орын – АЛМАЛЫ: Қадыр Дулат, Асқарұлы Дастан, Жүсіпова Ақерке, Көктал Олжас, Шаяхметов Тимур;

3 орын – МЕДЕУ: Байзақұлы Еркебұлан, Абдикаримов Нұрхан, Қонысбекұлы Біржан, Жылқышбай Серік, Тұрсынбай Дарын.

«Ұйымдастырушыларға және ойынның барлық қатысушыларына алғысымды білдіремін. Мұндай шаралар жаңа мақсаттарға жетуге ынталандырады деп ойлаймын. Ойын барысында мен қызықты адамдармен танысып, жаңа достар таптым. Келесі ойынды асыға күтеміз.» - деп, өз пікірімен 6-ЭТА ОВБ электромонтері Қойайдаров Аслан бөлісті.

«Серіктес» Кәсіподағы

07 02 2023 01

07 02 2023 02

07 02 2023 03

07 02 2023 04