Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Құжат еңбек жанжалдарын реттеу және келіссөздер процестерін ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру үшін әзірленді.
Түзетулер келісім комиссиясының қызметіне, ұжымдық еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың рөлін нақтылауға, сондай-ақ жиналыстар немесе ескерту ереуілдері өткізілуі мүмкін жағдайларға және басқа да тиісті мәселелерге қатысты болды.
Сондай-ақ, заң отандық заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Дауларды шешудің балама әдістерін қолдану құқықтық саясатты дамытудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Заң жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібін өзгертуге ықпал етеді.
Сондай-ақ келісу және татуластыру комиссияларының мәртебесі күшейтілетін болады.
https://www.kt.kz/kaz/state/memleket_basshysy_ereuilderdi_tkizu_t_rtibin_zhe_ildetetin_1377946793.html